Бүгінгі күнде Астана медицина университетінің ұжымы медицина ғылымдарының докторы Сарымсақова Бахыт Ерекешевнаның жетекшілігімен «Пандемия және басқа да төтенше жағдайлар кезінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы этика комитеттеріне ұсынымдар әзірлеу» атты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жобасын іске асыруда.
Аталған жоба этика және денсаулық сақтау саласындағы аймақтық және халықаралық сарапшылардың коалициясын құра отырып, сондай-ақ Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Украина сияқты Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның он бір еліндегі қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар кезінде этикалық мәселелерін анықтып, осыған байланысты этика және қоғамдық денсаулық сақтау комитеттеріне (RECs/IRBs) ұсынымдар әзірлеу мақсаттарын алдыға қойып отыр.
Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент кафедрасының профессоры Сарымсақованың Бахыт Ерекешевнаның жобалық ұсынысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан гранттық қаржыландыруға ие болды
Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент кафедрасының профессоры Сарымсақованың Бахыт Ерекешевнаның жобалық ұсынысы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан гранттық қаржыландыруға ие болды