2020 жылдың басынан бері Астана медицина университетінің неонатология кафедрасында Қазақстан неонатологтарының онлайн журнал клубы жұмыс істейді. Оның негізін қалаушыларға 2021 жылдың 29 қыркүйегінде авторлық куәлік берілді.
Бұл клуб өзінің мақсаты, міндеттері және құрамы жағынан ерекше. Клуб құрамына университетіміздің ғана емес, еліміздің басқа да медициналық университеттерінің резиденттері мен оқытушылары кіреді. Сонымен қатар, клуб географиясын кеңейтіп, басқа мемлекеттердің неонатологтарының мамандарын тартады: Қырғызстан, Өзбекстан және т.б.
Қазақстандағы неонатологтардың онлайн журнал клубының мақсаты – неонатологтардың ғылыми әлеуетін дамыту және өз қызметінде неонатологиядағы озық инновациялық технологияларды қолдану арқылы үздіксіз кәсіби дамуына үлес қосу.
Журнал клубы аясында апта сайын онлайн отырыстар өткізіліп, онда клуб мүшелері халықаралық ғылыми мақалаларды ұсынып, талдайды. Осылайша, олар өздерінің ғылыми көзқарастарымен бөліседі, неонатология мен педиатриядағы өзекті мәселелерді талқылайды, бұл студенттердің, оқытушылардың және клиниктердің ғылыми жобаларын өзі ұйымдастырып, жүзеге асыруға жағдай жасауға ықпал етеді.
Біз барлық ниет білдірушілерді Қазақстан неонатологтары журналы клубының мүшесі болуға шақырамыз.
Клубтың қызметімен Facebook парақшасында таныса аласыздар:
https://www.facebook.com/groups/804834886678819