2021 жылддың 25 қазан мен 05 қараша аралығында «Астана Медицина университеті» КеАҚ мен Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті арасында жасалған келісім шарт негізінде ішкі академиялық ұтқырлық (мобильность) іске асырылды.
Сабақ беру барысында оқытушылар жаңаша оқыту әдісін қолданана отырып, тәжірибелерімен бөлісті. Оқытушылар тақырыптағы негізгі мәселелерді қарастыру барысында студенттердің белсенділігін арттырып, шығармашылық жағдайды қалыптастырды.
Білім беру сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілген академиялық ұтқырлықта әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті Ж.И. Даулбаева, аға оқытушылар Г.И. Рахимова, Б.Т. Калменова, Б.Х. Рахимжанова, М.Б. Бектаева «Отбасы және оның типологиясы мен перспективалары» тақырыбында семинар сабақтарын өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті. «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасындағы әріптестер «Жалпы медицина» мамандығы студенттеріне «Білім және әлеуметтік теңсіздік» тақырыбында семинар сабақтар жүргізді. Сабақтар күнтізбелік-тақырып жоспары бойынша, Zoom платформасында «Online» форматта өткізілді.
Профессор-оқытушы құрамы мен сабаққа қатысқан студенттер үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы тәжірибені жоғарлатумен қатар, білімдерін кеңейтудің керемет мүмкіндігі екенін көруге болады.
Кафедралардың ішкі академиялық ұтқырлықтарын ары қарай жетілдіру үшін байланыстар жасалатыны аталып өтілді.