MUA International Student’s Day

MUA International Student’s Day

2021 жылғы 26 ​​қарашада Астана медицина университеті Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қайғылы тарихына қарамастан көңілді жастар мейрамы болып саналатын Халықаралық студенттер күнін атап өтті. Студенттер күні бір кездері жоғары оқу орындарының табалдырығын аттағандар үшін ең сүйікті және есте қалатын мерекелердің бірі болып қала береді. Шығармашылық отын сақтап, жан дүниесіндегі жаңалыққа құштар жандардың мейрамы – жастардың бұл мерекесін білім берудің дәстүрлі форматына енді көшкен студенттер тағатсыздана күтті.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шара студенттердің бастамасымен және ұйымдастыруымен «Jas Otan» жастар қанаты, Нұр-Сұлтан қаласы Жастар ісі басқармасы, «Қазақстан студенттерінің альянсы» республикалық студенттік қозғалысын өкілдерінің, қатысуымен салтанатты түрде өтті.

 

Кешті университет ректоры Камалжан Талғатұлы Надыров құттықтау сөзімен ашты. Ол студенттерді мерекелерімен құттықтап, болашақ дәрігерлердің алдында тұрған міндеттердің маңыздылығын атап өтті:

«Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін және университетіміздің стратегиялық даму бағыттарын бірлесіп шешу үшін, сонымен қатар студенттердің барлық бастамалары мен шығармашылық серпіндерін жүзеге асыру үшін біз бірқатар өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз».

Ректордың айтуынша, жоспарланған маңызды өзгерістердің қатарында Астана медицина университетінде 800 орындық университеттік аурухананың құрылысы, оның ішінде күндізгі стационар, консультативтік-диагностикалық кешен, ғылыми-клиникалық зертханалар, оқу кабинеттері, сондай-ақ симуляциялық орталықтың жаңғырту жұмыстары жоспарда бар. Университет студенттерімізге практикалық дағдыларын шыңдауға және таңдаған медициналық мамандығы бойынша бірінші дәрежелі маман болуға мүмкіндік беретін симуляциялық технологияларды қолдануда көшбасшы болуға ұмтылады. Сонымен қатар, студенттерді білім, ғылым және клиникалар саласындағы озық технологияларға ықпалдастыруға бағытталған шетелдік студенттерді даярлаудың жаңа саясатын қабылдау жоспарлануда.

Басшылық әлеуметтік аспектілерді де ұмытпайды. Осылайша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы 1500 орындық жатақхана салу жоспарланды. Қазіргі уақытта салынып жатқан университет клиникасы аумағында жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Студенттік өзін-өзі басқару жүйесінде де өзгерістер жоспарлануда, ол студенттер мен басшылық арасындағы дәнекер болатын, ең алдымен студенттердің мүдделері мен жалпы университеттің дамуы үшін әрекет етеді.

Шара қонақтары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, «Ең үздік ұстазбен түскен сурет» фотобайқауының және «Медицина студентінің өміріндегі бір күн» бейнебайқауының қорытындысы жарияланды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге шараның демеушілері – «Dauletten» қайырымдылық қоры, «BASMAN» ерлер киімдері дүкені, «Aiat Stom» стоматологиялық емханасы, Қалжан Тұрсынбаевтың медиа-студиясы дайындаған естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

 

Студенттердің бағындырған жеңістері мен шыңдары жастардың қайраты мен жігерін, олардың әлеуеті мен болашағын тағы да дәлелдегенін айта кеткен жөн. Өнерлі жас ұрпақты тәрбиелеп жатқанымызға шексіз қуаныштымыз.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика