Университет ДДҰ-дан иммунологиялық жартылай автоматты анализаторын сыйлық алды

Университет ДДҰ-дан иммунологиялық жартылай автоматты анализаторын сыйлық алды

Университет ДДҰ-дан иммунологиялық жартылай автоматты анализаторын сыйлық алды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Астана медицина университеті арасындағы ынтымақтастық шеңберінде 2021 жылы 18 қаңтарда «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №3 көп салалы қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК негізінде, Thermo Scientific USA шығарған иммунологиялық жартылай автоматты Multiscan FC анализаторы осы клиниканың базасында орналасқан «АстМУ» КеАҚ зертханалық медицина кафедрасына берілді. Құрылғы «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның ДДҰ-мен «Қазақстан Республикасында расталған және ықтимал SARS-CoV-2 жағдайлары мен байланыстарын зерттеу» тақырыбындағы ғылыми грантын бірлесіп жүзеге асыруға арналған.

Бұл іс-шара «АстМУ» КеАҚ ректоры, профессор Д. Павалькистің, ДДҰ-ның елдік кеңсесінің басшысы доктор Каролин Кларинвалдың, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.К. Конкаевтың, Ғылым және инновация департаменті директоры Г.Т. Төлешованың, №3 қалалық балалар ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Р.Б. Утегенованың, КДИЛ жетекшісі Г.С. Волкованың, Зертханалық медицина кафедрасының меңгерушісі А.К. Молдабаеваның және кафедра қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Multiscan FC оптикалық тығыздықты 96 ұңғымалы микропластинкалар мен жолақтарда, ал опция ретінде – ANSI / SBS стандарттарына сәйкес келетін 384 ұңғыма тақталарында өлшеуге арналған. Иммунологиялық зерттеулер – бұл антигендер мен антиденелердің өзара әрекеттесуіне негізделген диагностикалық әдістер. Иммунологиялық әдістерді қолдану арқылы алынған маңызды ақпарат ауруларды скринингтің, болжамның және диагностиканың жоғары ерекшелігімен талдау уақытын едәуір қысқартады. Multiscan FC организмнің биохимиялық сипаттамаларын ерекше ақуыздардың, гормондардың, антиденелердің концентрациясын анықтау, әртүрлі аурулардың патогенезінің молекулалық механизмдерін зерттеу, әлеуметтік инфекциялардың қоздырғыштарын (В және С гепатиттерін, Ковид-19, АИТВ, ротавирус және жатырішілік инфекциялар) анықтау арқылы жоғары сезімталдықпен бағалау үшін қолданылады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика