Мерейтой құтты болсын!

Мерейтой құтты болсын!

Бүгін оториноларингология саласындағы әйгілі ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, университетіміздің бұрынғы ректоры, құрметті профессор Раис Қажкенұлы Төлебаев өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде!

1997-2001 жылдар аралығында Раис Қажкенұлы Ақмола мемлекеттік медициналық академиясының ректоры болып жұмыс істеді. Ол ЛОР мүшелерінің кәсіби патологиясы бойынша іргелі зерттеулердің авторы, Қазақстандағы химия және металлургия кәсіпорындарының жұмысшыларының еңбек жағдайындағы құлақ, мұрын, тамақ ауруларын зерттеген. Көпжылдық зерттеулерінің нәтижелері көптеген ғылыми басылымдарда, алыс және жақын шетелдердің түпнұсқа журналдарында, сондай-ақ оның оториноларингология бойынша оқу басылымдарында көрініс тапты.

Р.К. Төлебаевтың басшылығымен 13 докторлық және 37 кандидаттық диссертация қорғалды.

Біз құрметті профессорды туған күнімен құттықтаймыз, оған зор денсаулық, сарқылмас жігер, отбасылық жылулық пен жайлылық тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика