14 Қаңтарда онлайн режимінде "медициналық білім берудегі инновациялық стратегиялар және медициналық ЖОО оқытушысының құзыреттілігін дамыту: сын – тегеуріндер мен шешу жолдары"халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шараны "Астана медицина университеті" КеАҚ және Ташкент медицина академиясы ұйымдастырды.
Конференцияның негізгі мақсаты жоғары оқу орындарымызда ғылым мен білім саласындағы инновациялық стратегияларды әзірлеу және іске асыру бойынша тәжірибе алмасу болды. Конференция қатысушыларына Ташкент медицина академиясының проректоры, Астана медицина университетінің ректоры Д. Павалькис, академиялық жұмыс жөніндегі проектор М. А. Даулетьярова құттықтау сөз сөйледі.
Конференция модераторы ретінде "АМУ" КЕАҚ дәлелді медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі Г. А. Дербісалина және ТМА Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы М. О. Комилова сөз сөйледі.
Конференция барысында медициналық білім берудегі инновациялық стратегияларды сапалы іске асырудың түрлі аспектілері, әсіресе covid-19 пандемиясының қатаң жағдайларында сын-тегеуріндер мен шешу жолдары бойынша тәжірибе мен пікір алмасу болды.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:
- Медициналық жоғары оқу орындары мен олардың қызметкерлерінің ғылыми қызметін бағалау;
- Медициналық ЖОО қызметкерлерінің білім беру қызметін бағалау;
- Медициналық білім берудегі құзыреттілік тәсіл;
- Медициналық білім берудегі студентке негізделген тәсіл;
- Практикалық дағдыларды меңгеруде симуляциялық оқыту;
- Медициналық қызметтегі кәсіби деструкциялар мен деформациялар;