«Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы» мамандығы бойынша оқитын резидент Хайрат Эльмираның Түркияның Lokman Hekim университетіндегі академиялық ұтқырлығы.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде 2021 жылғы 20 желтоқсаннан 2022 жылғы 21 қаңтарға дейінгі аралықта «Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы» мамандығы бойынша оқытудың екінші жылындағы резидент Хайрат Эльмира Анкара қаласындағы қалалық аурухананың Sincan неврология бөлімшесінде Müge Kuzu Kumcu профессорының басшылығымен Lokman Hekim университетінде клиникалық тағылымдамадан өтті.

Клиникалық тағылымдамадан өту барысында резидент Хайрат Эльмира неврологиялық бөлімшенің жұмысымен танысты, пациенттерге жүргізілген емдік-диагностикалық процеске қатысты, люмбальдық пункция мен электронейромиография техникасын игерді. Тағылымдама барысында Хайрат Эльмира үшін «Паркинсон ауруы» диагнозы қойылған пациентті операцияға дайындау, сондай-ақ миды терең стимуляциялау әдісімен жасалған операцияға қатысу процесі қызықты болды. Эльмира орталық нерв жүйесінің демиелинизацияланған аурулары, тунель мононевропатиясы бойынша дәрістер курсын тыңдап, арнайы емтиханды сәтті тапсырды.

Клиникалық тағылымдама соңында Lokman Hekim университетінің ректоры проф. Dr Bülent Gümüşel және медицина факультетінің деканы Prof Dr Mehmet Doğanay Хайрат Эльмираға халықаралық сертификат табыстады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика