АстМУ практикалық дәрігерлер мен эпидемиологтар үшін «Қазіргі кезеңдегі АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясының ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді

2022 жылдың 24 ақпанында Астана медицина университеті Нұр-Сұлтан қаласының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» ҚМҚК базасында «Қазіргі кезеңдегі АИТВ-инфекциясының эпидемиологиясының ерекшеліктері» тақырыбында практикалық дәрігерлер мен эпидемиологтарға арналған семинар өткізді. Кездесу ұйымдар арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту және кеңейту, сондай-ақ практикалық клиникалық қызметкерлерге білім беру қызметін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Семинарда мыналар талқыланды: АИТВ-инфекциясының жаһандық және аймақтық эпидемиологиялық статистикасының мәселелерін сипаттайтын әлемдік әдебиеттің өзекті деректері; АИТВ-инфекциясының жиілігі мен таралуына жаңа және бар қауіп факторларын қайта қараудың әсері; тәжірибесі дамыған әлемнің көптеген елдерінде сәтті сынақтан өткен молекулярлық эпидемиологияның инновациялық әдістерінің әлеуеті. Материалды медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты инфекционист, доцент Махамбетов Қ.О.жетекшілігімен «Медицина» және «Фармация» факультеттерінің 4 курс студенттері Жұманов А.А. және Сыздықова А.Б. әзірледі.
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика