Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер және тәжірибе: мейіргер ісінің болашағына инвестициялар

Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер және тәжірибе: мейіргер ісінің болашағына инвестициялар

«Қазақстан – AccelEd жоғары білім беру жүйесіндегі магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру» жобасы

Біз Сіздің конференцияға қатысқаныңызға қуаныштымыз!

«Астана медицина университеті» КеАҚ Қазақстан Республикасының барлық медициналық жоғары оқу орындарының, колледждерінің, сондай-ақ шетел университеттерінің студенттерін, жас ғалымдарын, магистранттарын, тәжірибедегі мейіргерлерді, докторанттар мен медицина саласындағы профессорлық-оқытушылық құрамды «Қазақстандағы мейіргерлік білім, зерттеулер және тәжірибе: мейіргер ісінің болашағына инвестициялар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады. Бұл конференция ЕО Erasmus+ қоры арқылы қаржыландыратын, жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау бойынша инновациялық жобаларды іске асыратын «AccelEd Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және докторантура деңгейінде мейіргерлік білімді жетілдіру» жобасының бөлігі болып табылады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

Конференция бағдарламасы пленарлық отырысты және секциялардағы жұмысты, тақырыптық пікірталастар өткізуді қарастырады. Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинағы шығарылуы мүмкін.

Өтетін уақыты: 19-20 мамыр 2022 жыл

Өтетін орны: аралас формат: "Астана Медициналык университеті" КеАҚ базасында оффлайн және онлайн Zoom платформасында.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:

1 Секция

«Мейіргер ісін білім беру мен тәжірибенің ынтымақтастығы арқылы жетілдіру»

Негізгі сұрақтар: Магистрлік және докторлық диссертациялар мен зерттеулер тақырыптары бойынша білім беру мен клиникалық тәжірибе арасындағы ынтымақтастықтың үздік (озық) практикасы; Білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі ынтымақтастық; клиникалық практика тұрғысынан мейіргерлерді даярлауға арналған біліктілік талаптары; Тәлімгерлік.

2 Секция

«Дәлелді мейіргерлік тәжірибе және мейіргер ісіндегі зерттеулер»

Негізгі сұрақтар: Дәлелді мейіргерлік тәжірибе; Мейіргер ісіндегі зерттеулер; Клиникалық мейіргер нұсқаулықтары; Мейіргерлік тәжірибе үшін дәлелді база құру; Зерттеулер нәтижелерін практикаға енгізу.

3 Секция

«Мейіргерлік күтім сапасын қамтамасыз етудегі заманауи тәсілдер»

Негізгі сұрақтар: Науқастарға мейіргерлік күтімнің терапиялық шаралары; Науқастарға күтім жасау сапасы; Медициналық (мейіргерлік) қызметтер көрсету; Клиникалық мейіргерлік нұсқаулықтар; Мейіргерлік процесс; Мейіргерлік рөлді дамыту.

НЕГІЗГІ БАЯНДАМАШЫЛАР:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Ғылым және Білім министрлігінің өкілдері, "Парыз" Ұлттық мейіргерлер қауымдастығының, ДДҰ және Халықаралық мейіргерлер кеңесінің өкілдері.

Профессор Джуратэ Мачияскиене, AccelEd жобасының үйлестірушісі, Литва медицина ғылымдары университеті, Литва

Проф. Лисбет Фагерстром, Университет. Академи, Финляндия

Доктор Тора Б. Хафштайнсдоттир, философия докторы, Утрехт университетінің медициналық орталығының медицина ғылымдары факультетінің аға ғылыми қызметкері

Философия докторы проф. Ольга Риккиене, Литва медицина ғылымдары университеті, Литва

Профессор Ханна Хопия, бас оқытушы

JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия

Проф. Аурелия Блажевичене, Литва медицина ғылымдары университеті, Литва

ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ

·                   тезистерді жариялау + ауызша баяндама ( ұзақтығы-7 минуттан аспайды; талқылау үшін 3 минут);

·                   тек тезистерді жариялау;

·                   тыңдаушы ретінде қатысу;

Конференцияға қатысу тегін.

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ

Конференцияға қатысу үшін 25.04.2022 дейін форманы толтырып, тезисті сілтеме https://forms.gle/gBNfcQPc54fGg6e46 бойынша тіркеңіз. Қатысушылар тезистерді жариялауға қабылдау туралы хабарламаны бес жұмыс күні ішінде алады. 2022 жылдың 25 сәуірінен кейін жіберілген тезистерді ұйымдастыру комитеті қабылдамайды.

Конференция материалдары электронды түрде жарияланады. Конференцияның Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе белгіленген талаптарды бұза отырып әзірленген материалдарды редакциялауға немесе қабылдамауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті презентация ауызша бола ма немесе ол тек түйіндеменің электронды жинағында жарияланады ма деген шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу үшін 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін тіркелуіңізді сұраймыз (сілтеме бойынша https://forms.gle/gBNfcQPc54fGg6e46 ).

ТЕЗИСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Стилистикалық және орфографиялық тұрғыдан тексерілген тезистер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады. Мәтін MS Word бағдарламасында терілуі тиіс, қаріп: Times New Roman (12 кегль), жоларалық интервал – дара, парақтың сол және оң жағынан 2,0 см жиекпен, жоғарғы және төменгі 1,5 (А4 парағының форматы). Сөздердің саны 300-ден кем емес.

Тақырып келесідей рәсімделеді:

бірінші жол - қою шрифтпен автор (лар) дың аты-жөні, тегі;

екінші жол - бас әріптермен және қою шрифтпен, қысқартусыз үш жолдан аспайтын жұмыс атауы, тырнақшасыз;

үшінші жол - білім деңгейі, оқу курсы, мамандығы;

төртінші жол - ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми жетекшінің аты-жөні;

бесінші жол - мекеменің толық атауы, қаласы, қою шрифтпен.

Қысқартулар жіберілмейді. Парақтың ортасындағы алғашқы үш жолды туралау. Әрі қарай, бос орыннан кейін тезис мәтіні. Тезис мәтінін ені бойынша туралау. "Қызыл" жолдың шегінісі - 1 см. Талаптарға сәйкес келмейтін тезистер, түзету үшін қайтарылады.

КОНФЕРЕНЦИЯДА АУЫЗША БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

1.      Презентация MS Power Point бағдарламасында жасалуы керек (Power Point 2003-2016).

2.      Ауызша сөйлеу ұзақтығы 7 минуттан, талқылау - 3 минуттан аспауы тиіс.

3.        Баяндамашы конференцияны ұйымдастырушыларға презентацияны 30 сәуірге дейін жіберуі керек, себебі ол аударылады. Келесі мекен-жайға жолдауыңызды өтінеміз: aiymbetova.a@amu.kz.

4.      Ноутбуктердің әртүрлі бағдарламалық жасақтамасына байланысты презентацияларыңызды екі кеңейтімде сақтауды сұраймыз *.ppt және*.pptx.

5.      Презентацияға қойылатын талаптар: презентация жалпы қабылданған ережелерге сәйкес жасалуы керек (ашық слайд +қара әріптер). Бірінші слайдта: ЖОО-ның атауы, бұдан әрі-кафедраның атауы немесе медицина қызметкерлері үшін жұмыс орны, жұмыстың атауы; баяндамашының толық аты-жөні; ғылыми жетекшінің аты-жөні; қала және жыл және т. б.

Ұйымдастырушылар байланыстары:

Конференцияға қатысу және жариялау сұрақтары бойынша:

«Мейіргер ісі» факультетінің деканы - Абдулдаева Айгуль Абдулдаевна

8 7172 577896 (ішкі.312)

Эл.мекен-жайы: abduldayeva.a@amu.kz

Ғылыми – зерттеу орталығы - Айымбетова Ардақ Оразбайқызы

8 7172 577896 (ішкі.419)

Эл. мекен-жайы: aiymbetova.a@amu.kz

Конференция хатшысы -Байтуганова Айжан Нуржановна

87786097646

Эл.мекен-жайы: baituganova.an@amu.kz

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика