Астана Медицина Университеті Академиялық адалдық лигасына қосылды
Астана Медицина Университеті Академиялық адалдық лигасына қосылды

Қазақстанда академиялық адалдық лигасы бірнеше жыл бұрын құрылған және жоғары білім беру сапасымен ерекшеленетін жоғары оқу орындарын біріктіруді көздейді.
Астана медицина университеті ұзақ тарихында денсаулық сақтау саласындағы сапалы кадрлар ұстаханасына айналды және жыл сайын бір жарым мың маман даярлайды. Ол еліміздің үздік 10 жоғары оқу орындарының қатарына кіреді және білім беру сапасының сыртқы бағалауы бойынша Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де жоғары сұраныстық рейтингке ие. Жыл сайын мұнда мыңнан астам шетелдік студенттер келеді.
Келесі жылы ЖОО-ның зерттеу университетіне трансформациялау болжанып отыр және академиялық адалдық лигасына кіру фактісінің өзі оның білім беру сапасын арттыруға дайындығын куәландырады. Ашық деңгейлес және алқалық басқару қағидаттары, оқыту нәтижелерін объективті бағалау тетіктері енгізіледі.
Сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың барлық жазбаша жұмыстарында заңсыз көшіріп алуды (плагиат) анықтау үшін автоматтандырылған платформаны пайдалану жоспарлануда.