Марибор университетінің ауруханасы туралы интерн баяндайды

Марибор университетінің ауруханасы туралы интерн баяндайды

Марибор университетінің ауруханасы туралы интерн баяндайды

Биыл ақпан-наурыз айларында университетіміздің интерні Қымбат Омарова Словениядағы Марибор университетінің ауруханасында оқып қайтты.

Қымбат ол жерде кардиология, нефрология, травматология, шұғыл медицина, ревматология, қарқынды терапия сияқты пәндер бойынша оқыды. Біз Қымбаттан осы ауруханада оқу процесі туралы толығырақ айтып беруін өтіндік.

"Нефрология бөлімінде менің кураторым профессор Себастьян болды. Мен жергілікті студенттерге қосылып, пациенттердің ауру тарихын тексеріп, жинадық. Күн сайын нефрологияда ең көп тараған аурулар және олардың диагнозы, негізгі емдеу әдістері талқыланды. Тәжірибе барысында профессор бүйректің ультрадыбысын жасауға рұқсат берді, мен науқасқа егжей-тегжейлі сипаттама жасадым. Сонымен қатар, тәжірибе барысында гемодиализ үшін орталық көктамырлардың катетеризациясын көруге мүмкіндік болды, дәрігерлер бөлімшеде гемодиализ процесін көрсетті", - деп Қымбат Омарова өз әңгімесін шабыттана бастады.

Кардиология бөлімінде Қымбаттың жетекшісі болып профессор Наджи тағайындалды. Аурухана қызметкерлері студенттерге емдеудің бүкіл процесін егжей-тегжейлі түсіндірді. Функционалдық диагностика бөлімінде студенттерге тамырлардың УДЗ, ЭХОКГ, ангиография және т. б. жүргізуге мүмкіндік берілді.

Травматология және ортопедия бойынша оқу кезінде дәрігер Хретниктің жетекшілігімен Қымбат жамбас сүйегінің остеосинтезі, артроскопиялық емдеу, транстибиальды ампутация, тізе буынын эндопротездеу сияқты бірнеше операцияға қатысыпқан.

Ревматология бөлімінде Қымбат профессор Холцтығң жетекшілігімен жергілікті резиденттермен бірге тірек-қимыл аппаратына зерттеу жүргізіп, пациенттерді емдеген. Дәл осы жерде ол ревматологиядағы әртүрлі ауруларды көрді және олардың емі тиімді ме, жоқ па, соны байқады.

Шұғыл медицина және интенсивті терапия бойынша Күн сайын әртүрлі дәрігерлермен тәжірибе алмасатын. Оған науқасқа қуықтың катетеризациясын жүргізуге рұқсат етілді, сонымен қатар артериялық қысымды инвазивті әдіспен өлшеуге көмектесті. Дәрігерлер студенттерге ЭКМО, ӨЖЖ жұмыс істеу принципін, седация әдістерін және т. б. көрсетті және түсіндірді.

"Оқу үдерісінен басқа, бағдарлама менің алдымда басқа елдегі өмір салтына тәнті болып қана қоймай, әлемнің түкпір - түкпірінен келген жаңа адамдармен танысуға көптеген мүмкіндіктер ашты", - деп өз әңгімесін АМУ дарынды интерн қымбат Омарова аяқтады. Ал біз, өз орнымызда, табыс пен денсаулық тіледік.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика