ФУТБОЛДАН «РЕКТОР КУБОГЫ»

ФУТБОЛДАН «РЕКТОР КУБОГЫ»

ФУТБОЛДАН «РЕКТОР КУБОГЫ»

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған айлық аясында Астана медицина университетінің Жастар ісі және спорт орталығы ерлер арасында футболдан "Ректор кубогы" турнирін өткізді.

Барлық курстар мен факультеттердің студенттерінен, сондай-ақ университет қызметкерлерінен құралған 24 команда турнирге белсене қатысты.

200-ге жуық адам қатысқан турнирді "достық турнирі" деп атауға әбден болатын еді, себебі спорт жарысына тек жерлестеріміз ғана емес, Өзбекстан, Үндістан, Иордания және басқа да елдердің тумалары да ат салысты.  

Жеңіс үшін қызу тартыста "FC Gаlaction" командасы "АстМУ ректорының Кубогын" жеңіп алды. Екінші орынды "Антихайп" командасы, ал үшінші орынды "ФК Легион" командасы иеленді.

АстМУ атынан турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Спорт пен шығармашылық табыс тілейміз.


Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері мен Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармаларына турнир өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика