Дүниежүзілік темекіден бас тарту күні аясында Астана медицина университетінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының қолдауымен "Никотинге тәуелділік және шылым шегу қоспалары, психикалық денсаулыққа әсері, қазіргі кезеңдегі клиника мен профилактика ерекшеліктері" тақырыбында конференция өтті.
Жыл сайын 31 Мамырда бүкіл әлем жұртшылығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы ресми түрде жариялаған Дүниежүзілік темекісіз күнді атап өтеді.
Темекі эпидемиясы-Халықтың денсаулығына елеулі қауіптердің бірі. Жыл сайын одан 8 миллионнан астам адам қайтыс болады. Олардың 7 миллионнан астамы-тұтынушылар мен бұрынғы темекі тұтынушылар, ал 1,2 миллионнан астамы — екінші темекі түтінінің әсеріне ұшыраған темекі шекпейтіндер. Бұл күн барлық адамдардың, барлық елдердің назарын денсаулыққа үлкен зиян келтіретін және өлімге әкелетін темекі шегу проблемасына аударуға арналған.
Темекі шегу терінің, тырнақтың, шаштың жағдайын нашарлатады, тістерді бұзады, ауыздан, киімнен жағымсыз иіске әкеледі. Темекі шегу өкпенің қатерлі ісігі, инфаркт сияқты қауіпті ауруларға шалдықтырады.
Конференцияға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесінің техникалық сарапшысы, доктор Виталий Стецик, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева, ҚР ДСМ ҚДСҰО Басқарма төрағасының м.а., м.ғ.к. Жанар Қалмақова, "Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін" ұлттық коалициясының көшбасшысы Жәмиля Садықова, сондай-ақ АстМУ Психиатрия және наркология кафедрасының басшысы Алмас Құсайынов, АстМУ психиатрия және наркология кафедрасының дәрігер-резиденттері Дильдор Кахарова мен Камила Кударова қатысып, баяндама жасады.