Бүгін, 2022 жылдың 27 мамырында "Primary Health Care" Ұлттық Қауымдастығының Басқарма төрайымы Роза Абзалқызы Абзалова АстМУ-дың қызметкерлері, оқытушылары және білім алушылары үшін мотивациялық дәріс оқыды.
Роза Абзалқызы - медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі. Адамдардың өмірін сақтап қалуға және адам денсаулығын сақтауға қосқан зор үлесі үшін "Құрмет" орденімен, Қазақстанның дәрігерлер мен провизорлар қауымдастығының "Ave Vitae" орденімен, "Алтын Дәрігер"төсбелгісімен марапатталған. Елімізде және шетелде танылған алғашқы медициналық-санитарлық көмектің интеграцияланған медициналық-әлеуметтік моделін құруға қосқан зор үлесі үшін академик Т.Шарманова сыйлығының иегері. Қазақстанның 100 көрнекті әйелдерінің қатарына енген.
Р.Абзалованың дәрісі 2 бөлімнен тұрды, біріншісі денсаулық сақтаудағы әлеуметтік жұмыс негіздеріне негізделген Қазақстандағы МСАК-тың әлеуметтік бағдарланған моделі тақырыбына арналды.
Лектор әсіресе АМСК-тың денсаулық сақтау жүйесіндегі маңыздылығын және тұтастай алғанда әлеуметтік бағдарланған медицинаның рөлі, перспективасы туралы атап өтті.
Төменде дәрістен маңызды үзінділер келтірілген:
АМСК-ке біртұтас көзқарас - бұл халықтың әлеуметтік саламаттылығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін оның қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру арқылы денсаулығын қалпына келтіруге, қолдауға, дамытуға бағытталған медициналық-әлеуметтік-психологиялық және профилактикалық қызметтер жиынтығы.
Әлеуметтік бағдарланған дәрігер - бұл халыққа медициналық-әлеуметтік көмек көрсету негіздері бойынша арнайы білім мен дағдылар негізінде қызметтің осы түрін практикада дербес не әлеуметтік қызметкермен, психологпен өзара іс-қимыл жасай отырып іске асыратын және пациенттердің өздерін олардың жақындарымен және жақын қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп сауықтыру процесіне енгізетін маман. Сондай-ақ пациенттерді өз денсаулығы үшін жауапты болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, сауаттылықты арттыру, хабардар болу және әлеуметтік белсенділік арқылы аурулардың қауіп факторларын жоюға ынталандырады
Әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге, адами қатынастардағы мәселелерді шешуге және адам бостандығы мен оның лайықты өмір сүру құқығын нығайтуға ықпал етеді. Адамның мінез-құлқы мен әлеуметтік жүйелер теорияларына сүйене отырып, әлеуметтік жұмыс адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттесу кезеңінде процеске қосылады. Адам құқығы және әлеуметтік әділеттілік-бұл әлеуметтік жұмыстың негізгі принциптері.