«7M10123» – Медициналық құқық» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы

«7M10123» – Медициналық құқық» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы

«7M10123» – Медициналық құқық» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасы

      «Астана медицина университеті» КЕАҚ «7M10123» – Медициналық құқық» мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасын іске асыруда.

     Магистранттар іргелі білім алып қана қоймай, мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік ұйымдарда да, денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік басқару саласында да табысты мансап үшін қажетті дағдылар мен кәсіби құзыреттерге ие болады, бұл салада денсаулық сақтау ерекшелігімен таныс заңгерлердің жетіспеушілігі көп.

      Негізгі курстар білім алушыларға денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу саласында, медициналық қызметтер көрсетумен байланысты денсаулық сақтау субъектілерінің қызметі саласында мамандандырылған білім алуға ғана емес, сондай-ақ болашақ мансабы үшін қажетті жалпы құқықтық білім алуға мүмкіндік береді.

     Бағдарлама білім алушыларға денсаулық сақтау саласындағы заңнамамен танысуға, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің, пациенттердің құқықтары мен міндеттері туралы білім алуға, медицина және фармацевтика қызметкерлерінің еңбек қатынастарының ерекшеліктерімен танысуға, заңды жауапкершілікке тартудың негіздері мен шарттарын қарауға, нақты жағдайға қатысты заңнама нормаларын талдауға және түсіндіруге үйренуге, құқық бұзушылықтарға құқықтық баға беруге мүмкіндік береді.

     Бағдарлама оқытушылары - медициналық құқықтың басым бағыттары бойынша жетекші мамандар.

     Оқуға түсу туралы қосымша ақпаратпен университет сайтында танысуға болады https://amu.edu.kz «Оқуға түсушілерге», «Магистратура» бөлімінде.

Ссылка на видео в ютюб https://youtu.be/M87mB6JA3lM


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика