АстМУ интерні Жансая Тельманованың жұмысы Кореядағы Азиялық онкологиялық қоғамның конгресінде марапатқа ие болды

АстМУ интерні Жансая Тельманованың жұмысы Кореядағы Азиялық онкологиялық қоғамның конгресінде марапатқа ие болды

      Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде Корей онкологиялық қауымдастығының жыл сайынғы жиналысымен бірлескен Азиялық онкологиялық қоғамның 2-ші халықаралық конгресі (AOS-2022) өтті.

    Бұл конгреске біздің университеттің Кардиоторакалды хирургия және ЖБХ курстары бар Хирургиялық аурулар кафедрасының студенттері, интерндері мен қызметкерлері белсене қатысты (кафедра меңгерушісі – Кожахметов С.К., мғк, асс.профессор).

      Солардың арасынан АстМУ интерні Жансая Тельманова "Central Asian Institute for Medical Research" қоғамдық бірлестігі мен "Re-Search Trends" ғылыми клубының ғылыми-зерттеу жұмысы аясында профессор Н.С.Игісіновтің жетекшілігімен «The impact of COVID-19 on the incidence of rectal cancer in Kazakhstan: Results of component analysis» (Covid-19-ның Қазақстандағы тік ішек обырымен сырқаттанушылыққа әсері: компоненттік талдау нәтижелері) тақырыбына стендтік тезистік презентация жасаған болатын.

  Нәтижесінде Жансаяның стенді үздік деп танылып, интерніміз AOS-2022 марапатына ие болды.

АстМУ ұжымының атынан Жансаяны жеңісімен құттықтаймыз!

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика