КП Жоғарғы комитеті мен ҚазКСР Министрлер Кеңесінің 1964 жылғы 26 қазанында Целиноград қаласында медицина институтын ашу туралы шешім қабылданып, "Емдеу ісі" мамандығы бойынша 1-ші курсқа – 300, 2-ші курсқа 100 студенттер қабылдау жоспарланды.
Институт ұйымдастырушысы М.ғ.д., профессор Ракишев А.Р. (ғылыми жұмыс жөніндегі проректор) болды. Бірінші ректор болып м.ғ.к. Полетаев Станислав Дмитриевич тағайындалды, ол туберкулез ҚазҒЗИ ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары болып жұмыс істеді.
1965 жылдың 22 маусымда ҚазКСР денсаулық сақтау Министрлігінің бұйрығымен институттың ең алғашқы Ғылыми кеңесі құрылды.