Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы

Басшылық
Оразбаев Самат Еркинович
Басшы


1985 жылы 25 тамызда дүниеге келген.

Білімі:

1. 2018 ж. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Алматы қ. -Логистика және басқару, Экономика (экономика магистрі).

2. 2017 ж. М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Алматы қ. - Электр энергетикасы (техника және технология бакалавры).

3. 2007 ж. ЕИТИК Екібастұз инженерлік-техникалық институтының колледжі - ЖҚТҚК жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу, жылжымалы құрамды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі инженер.

4. 2004 ж. Қ. Пішембаев атындағы ПШ-18 Екібастұз қаласы - Айнымалы тоқтың тарту агрегаты машинисінің көмекшісі, жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі 3 разрядты дәнекерлеуші.

2024 жылғы мамыр «Астана медицина университеті» КеАҚ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының міндетін атқарушы

2024 ж. сәуір «Астана медицина университеті» КеАҚ эксплуатация басқармасы басшысының міндетін атқарушы

2021 жылғы ақпан - 2023 жылғы мамыр Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Дәулет» МКҚК, Теннис орталығы Басшының әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі орынбасары

2020 ж. тамыз - ақпан «NovaStroyService» ЖШС құрылыс компаниясы - ҚМЖ 3-санатты лицензиясы бар Құрылыс компаниясының директоры. Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кешендерінің құрылысы бойынша мердігерлік жұмыстарды орындау.

2020 ж. қаңтар - 2020 ж. сәуір Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Қазсушар ШЖҚ РМК - Астана қаласының консультанты.

2018 жылғы маусым - 2019 жылғы қазан «Астанаэнергосервис» АҚ - Материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі басқарушы директор. Астана қаласы.

2016 ж. қазан - 2018 ж. маусым «Астана-Энергия» АҚ ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 Астана қаласы - Мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі бастығының орынбасары

2015 жылғы шілде - 2016 жылғы қазан Alser-Энерго ЖШС - Директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Қарағанды қаласы

2011 ж. тамыз - 2015 ж. шілде «Разрез Кузнецкий» ЖШС, «SAT-Komir» АҚ Қарағанды қаласының көмір разрездері - Коммерциялық директор, Қарағанды қаласы.

2010 жылғы қараша - 2011 жылғы шілде «ОН-ОЛЖА» ЖШС Сарыадыр көмір кеніші

- жүктерді есепке алу және тасымалдау жөніндегі техник, жұмысты қоса атқаруы бойынша ТЖ учаскесі (көмір алаңы) бастығының орынбасары, Ерейментау қаласы

2010 жылғы мамыр - 2010 жылғы қыркүйек «НКЛ» ЖШС - вагондарды жөндеу және пайдалану жөніндегі инженер, Павлодар қаласы

2004 жылғы қазан – 2010 жылғы мамыр «Богатырь Транс» ЖШС филиалы Екібастұз вагон депосы, вагондарды тексеруші, экспедитор-логист, Екібастұз қаласы


Кадрлық құрам

Мақсаттары

Университеттің құрылымдық бөлімшелерін материалдық-техникалық ресурстармен, автокөлікпен қамтамасыз ету; жұмысты ұйымдастырудың жаңа әдістерін жетілдіру және енгізу; Университеттің материалдық-техникалық базасын кеңейту және нығайту; баспа өнімдерін шығаруға арналған материалдық және еңбек шығындарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету; баспа өнімдерін шығаруды және сатуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Университет Жарғысында, Даму стратегиясында және Даму жоспарында көзделген міндеттерге қол жеткізу үшін университеттің неғұрлым тиімді және кешенді инвестициялық саясатын іске асыру.

Құрылу тарихы

1964 жылдан бастап Медициналық институтта шаруашылық бөлім жұмыс істеді. 1997 жылдан бастап Медициналық академия кезеңінде шаруашылық бөлігі әкімшілік – шаруашылық бөлігі болып өзгертілді. 2004-2008 жылдар аралығында шаруашылық басқармасы (бұдан әрі – ШБ) жұмыс істеді. 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап қызмет көрсету бөлімі үш бөлімге бөлінді. 2009-2019 жылдар аралығында "Астана медицина университеті" КеАҚ – да (бұдан әрі – Университет) материалдық – техникалық қамтамасыз ету  бөлімі жұмыс істеді.

2019 жылы 24 шілдеде «АМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі ғимараттарды пайдалану бөлімімен біріктіріліп, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және ғимараттарды пайдалану басқармасы болып аталды.

 2020 жылы 14 шілдеде «АсМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2 бөлімге бөлінді: материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі және инженерлік қамтамасыз ету бөлімі.

2022 жылы «АсМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімімен  біріктіріліп, эксплуатация және материалдық- техникалық қамтамасыз ету басқармасы болып өзгертілді.

 2023 жылғы қазан айынан бастап «АсМУ» КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2 басқармаға бөлінді: материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы және эксплуатация басқармасы.

 

Қызметі

       Университеттің бекітілген бюджеті мен мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес университеттің құрылымдық бөлімшелерін материалдық - техникалық ресурстармен қамтамасыз ету; аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың қасбеттерін мен холлдарды мерекелік, көркем безендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; университеттің ішкі бөлімшелерінің тауарлық-материалдық құндылықтар мен қызметтерге деген қажеттіліктеріне сәйкес даму жоспарын және мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алу өткізу, университеттің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен өтінімдерді орындау жұмыстарын ай сайын мониторингілеу; университеттің құрылымдық бөлімшелерін автокөлікпен қызмет көрсету бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету; еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; баспа өнімдерін шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қажетті баспа өнімдерін жоғары сапада шығаруды қамтамасыз ету; көшіру, тираждау, ұсақ баспа өндірісі бойынша қызметтерді ұсыну.

          Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша ұйымның ішкі регламенттеуші құжаттарын әзірлеу және келісу жұмысына қатысу; басқарма қызметкерлерінің өкілеттілігі мен жауапкершіліктерін құжаттарда белгілеу (Басқарма ережесін және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу); Университеттің миссиясын, болжамын және стратегиялық мақсаттарын орындауға қатысу;

        Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының жұмысын тиімді ұйымдастыру; материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерге деген қажеттіліктерді анықтау, оларды сатып алу үшін және қызмет көрсету үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен өтінімдерді қабылдау.

Баспа өнімдерін шығару: газеттер, кітаптар, мерзімді басылымдар, іскерлік бланкілер, құттықтау ашық хаттар және қосалқы қызмет: түптеу ісі, баспа формаларын жасау және суреттерді өңдеу; жұмыс әртүрлі технологиялар мен әртүрлі материалдарды пайдалана отырып орындалады.


Жетістіктері    

Даму жоспарының орындалу процесіне , құрылымдық бөлімшелерден  келіп түскен өтінімдердің орындалуына (жиһазды жөндеу, стенділер, мөрлер, тақтайшалар, шетелдік студенттер үшін оқу процесіне арналған кестелер дайындау, имидждік өнімдер дайындау, куверткалар, гардероб нөмірлері, үстелге қойылатын жалаушалар, құттықтау ашық хаттары, дипломдар мен папкалар дайындау) жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі. Ішкі және іргелес аумақты тазалау бойынша клинингілік компаниялардың жұмысы үздіксіз жүргізіледі, барлық объектілер бойынша дератизациялау, дезинсекциялау жұмыстары, ҚТҚ шығару, ТМҚ утилизациялау жұмыстары уақытында жүргізіледі, қалалық іс-шаралар аясында қасбетті мерекелік безендіру жұмысы орындалады, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ТМҚ уақытында қамтамасыз етіледі.

Баспа өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелер мен оқытушы-профессорлар құрамының қанағаттануы үшін өтінімдерді уақытылы орындау.

 

2.jpg

Байланыс

Астана қаласы, Абай даңғылы 47, 607-кабинет, ішкі тел: 288.

 610, 611 кабинеттер


Жалпы университетке қатысты нормативтік- реттеуші құжаттар:

1. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ережесі

2. «Астана медицина университеті» КеАҚ үй-жайларын жалдау шарты бойынша қызметтік тұрғын үй беру ережесі

3. «Астана медицина университеті» КеАҚ тұрғын емес үй-жайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру ережесі

4. Жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтары

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика