Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы

Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы

Басшылық
Мухамбетова Алия Квайдуллиевна
Басшы

Кадрлық құрам

Мақсаттар:

1) университет қызметінде ҚР заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;

2) университеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

3) университетте жалпыға бірдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

4) құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, процестік құжаттардың, сондай-ақ университеттің заңдық сипаттағы басқа да құжаттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;

5) университеттің ішкі қызметін реттейтін құжаттардың сақталу мониторингі;

6) университет қызметкерлеріне және құрылымдық бөлімшелеріне құқықтық көмек көрсету.


Қызметі:

1) Университет қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен университет мүдделерін білдіру;

2) университеттің ішкі нормативтік құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкестігінің мониторингі;

3) құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, процестік құжаттардың, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

4) университетте Құқықтық жалпыға бірдей оқыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

5) тиісті сот талқылауына әкеп соққан негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында университеттің қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйін талдау және оларды жою және кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;

6) заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету;

7) университет қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша жазбаша және ауызша кеңес беру, заң құжаттарын жасауда құқықтық көмек көрсету және т.б.»


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика