Жалпы ережелер
-
Оқу-әдістемелік бөлім (бұдан әрі – Бөлім) «Астана медицина университеті» КеАҚ (бұдан әрі – «АсМУ» КеАҚ) Директорлар кеңесінің 2024 жылғы 9 тамыздағы күндізгі отырысының № 5 хаттамалық шешімі негізінде құрылған «АсМУ» КеАҚ-тың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
-
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 400 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің республикалық оқу-әдістемелік кеңесін және кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру және олардың қызметтері туралы ережені бекіту туралы» бұйрығымен «АсМУ» КеАҚ-қа берілген бөлімнің негізгі мақсаты Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік бірлестігін (РОӘК ОӘБ) денсаулық сақтау бағыты бойынша ұйымдастырушылық және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
Мақсаты
Бөлімнің негізгі мақсаты РОӘК ОӘБ қызметі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру, ғылыми-зерттеу мекемелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1) РОӘК ОӘБ қызметі шеңберінде әлемдік білім беру кеңістігінде оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту стратегиясын қалыптастыруға қатысу;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын арттыру үшін бейінді жоғары оқу орындарының, ҚР денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар (бұдан әрі – ДССҒҰ), жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (бұдан әрі – ҚР «Атамекен» ҰКП), жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығымен (бұдан әрі – ЖББДҰО), Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығымен (бұдан әрі – ҰТЕО) өзара іс-қимылын жүзеге асыру;
3) Еуропалық, ұлттық және салалық біліктілік шеңберлеріне, кәсіптік стандарттарға, отандық және шетелдік еңбек нарықтарының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жіктеуішін жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындау;
5) салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және актуалдандыруға қатысу;
6) білім беру бағдарламаларының мазмұнын актуалдандыру және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып үздіксіз білім беру бағдарламаларын дамыту бойынша ұсынымдар дайындау;
7) оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу;
8) жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту мәселелері бойынша құжаттардың жобаларын дайындау және сараптау жұмысына қатысу;
9) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бағдарламаларын іске асыруға қатысу;
10) ғылым және жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар беру;
11) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 12 қазандағы № 106 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізілімін жүргізу қағидалары, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу мен одан алып тастау негіздерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30139 болып тіркелген) іске асырудың пайдалану параметрлерін (кадрлық, әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету) ескере отырып, ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламаларына мониторинг жүргізу, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары іске асыратын Білім беру бағдарламаларының тізіліміне білім беру бағдарламаларын қосу немесе алып тастау жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
12) кадрларды даярлау бағыттары бойынша РОӘК белгісімен оқу басылымдарының тақырыптық жоспарларын қалыптастыру;
13) РОӘК белгісін беруге ұсынылған оқу басылымдарына сараптама жүргізу, рецензиялау;
14) жаппай онлайн ашық курстарды ЖЖОКБҰ оқу процесінде жариялау және пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін оларға сараптама жүргізу;
15) талапкерлердің ұлттық бірыңғай тестілеуінің, кешенді тестілеуінің бейінді пәндерін анықтау бойынша ұсынымдар қалыптастыру;
16) Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-да инклюзивті ортаны қалыптастыру бойынша ұсынымдар дайындау;
17) білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етудің ішкі және сыртқы жүйесін құру бойынша халықаралық тәжірибеге талдау жүргізу және оны жалпылау;
18) оқытатын оқу-әдістемелік семинарлар, тренингілер, вебинарлар, мастер-кластар, конференциялар өткізу;
19) РОӘК ОӘБ қызметі шеңберінде денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлау үшін оқу-әдістемелік әдебиеттермен, электрондық деректер базасымен және басқа да қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуін мониторингілеу;
20) РОӘК ОӘБ қызметі шеңберінде өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
Байланыс:
Астана қ., Бейтбітшілік көшесі 49А, 3-қабат, 301-кабинет
Телефон: 8 (7172) 539 491, 353
e-mail: umo_rums@amu.kz