HR басқармасы

Кадрлық құрам

Мақсаты

  • Жоғары білікті қызметкерлерді іріктеу арқылы персоналды басқару сапасын жақсартуды жоспарлау, мониторингілеу және бақылау;

  • Кадрлық іс жүргізуді жақсарту;

  • Университет қызметкерлерінің білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру.

Құрылу тарихы

  • Персоналды басқару бөлімі Целиноград мемлекеттік медицина институты ашылған кезде құрылды. Кадр бөлімін әр жылдары К.С.Захлевный, Л.А.Еременко, З.Е.Андрейко, З.Б.Мамед, С.Р. Баймұхаметова, Ж.А. Құрманғалиева басқарды. Қазір бөлімді И.И.Зикенов басқарады.

  • Бөлім «АстМУ» КеАҚ-тың мақсаты және миссиясымен келісілген менеджменттің интеграцияланған жүйесі саласындағы өз миссиясын қалыптастырды, стратегиялық бағдары мен мақсатын анықтады.

Қызметі

Стратегиялық бағдарларының бірі:

  • Кадрлық менеджментті қоса алғанда, «АстМУ» КеАҚ-тың менеджмент жүйесін жетілдіру, корпоративтік басқару қағидаттарын сақтау;

  • «АстМУ» КеАҚ қызметкерлерін көтермелеу және ынталандыру жүйесін жетілдіру. Кадрлық әлеуетті дамыту;

  • заманауи персоналды басқару (HR-менеджмент) ұйымның адами ресурстарының сапасын, олардың оқу және жұмыс жағдайларының өзгеруіне бейімделу қабілеттерін арттыруға негізделген;

  • моральдық ынталандыру және көтермелеу жүйесін әзірлеу және енгізу, қызметкерлерді уақтылы көтермелеу, жеке және жалпы табысқа ықпал ету;

  • бөлім бастығымен және бөлімнің барлық қызметкерлерімен кадрлық іс жүргізу, еңбек заңнамасы және басқа да нормативтік-құқықтық актілер мәселелері бойынша тұрақты түрде консультациялар өткізіліп тұрады. Тұтынушының қанағаттанушылығын қадағалау мақсатында кері байланысты есепке алу үшін көрсетілетін қызметтер бойынша сауалнама жүргізіледі. Бөлімде персоналды басқару мәселелері бойынша консалтингтік қызмет көрсетуді тіркеу журналы бар.

Жетістіктері

  • Қызметкерлердің жеке істерін сақтау оңтайландырылды, бұл қызметкерлерге үзінді көшірмелер беру уақытын 30% - ға қысқартуға мүмкіндік берді;

  • тұрақты негізде «Электрондық еңбек биржасы» www.enbek.kz мемлекеттік ақпараттық порталына деректер енгізіледі;

  • «PLATONUS» ақпараттық жүйесі жұмыс істейді;

  • «Алтын – Кадр» бағдарламалық жасақтамасында есепке алу автоматтандырылады;

  • Headhunter ресми сайтында мониторинг жүргізіледі;

  • жаңа қызметкерлер үшін еңбек шарттарының барлық нысандары, сондай-ақ қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер әзірленді;

  • 2021 жылы келесі тақырыптар бойынша біліктілікті арттыру семинарлары өткізілді:

- «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және еңбек даулары: қолдану практикасы (Келісім комиссиясының мүшелері үшін)» - 4 адам;

- «Стратегиялық жоспарлау, жобалық басқару» - 6 адам;

- «Жұмыстан босату және ауыстыру мәселелері бойынша еңбек дауларын шешу» - 2 адам;

- «Іс қағаздарын жүргізу, архивтік іс жүргізу және істер номенклатурасы» - 10 адам;

- «Қашықтықтан оқыту технологиясы» - 2 адам;

- «Үнемді технологиялар негіздері» - 2 адам.

Байланыс

Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 49/А, 212, 206-кабинеттер,

+7 7172 577-891; 539-455

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика