Бақылау, құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту департаменті

Бақылау, құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту департаменті

Басшылық
Ешанов Айдын Айтбаевич
Директор

Кадрлық құрам

Құрылу тарихы

Бақылау, құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту департаменті
(бұдан әрі – Департамент) 1964 жылы Университет құрылғаннан бері құрылымдық бөлімше ретінде жұмысын атқаруда. Осы жылдар ішінде Департаменттің атауы Университеттің ұйымдық құрылымындағы өзгерістерге сәйкес өзгеріп отырды (кеңсе, сектор, бөлім, басқарма, департамент).

Департаменттің негізгі міндеттері: Университетте іс қағаздардың жүргізілуін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру, электрондық құжат айналымын енгізу; Университетті құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету; кіріс құжаттарының орындалуын бақылау; Университеттің архивтік құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету; Университетте мемлекеттік тілдің дамуы бойынша жұмысты үйлестіру. 

Департамент жыл сайын жұмыс бағыты бойынша курстар мен семинарлар өткізеді, барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне тұрақты негізде консультациялар береді, сондай-ақ Университетте іс қағаздарын жүргізу жұмысын сапалы жетілдіруге және мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған басқа да шаралар қабылдайды.

Департамент директоры Ешанов Айдын Айтбайұлының 20 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі бар, оның ішінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» РММ, «Әскерилендірілген теміржол күзеті» АҚ, «Хабар» агенттігі» АҚ, «Назарбаев Университеті» ДББҰ сияқты ұйымдарда құжаттаманы жүргізу, құжаттама мен архивтерді басқару, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Мақсаттар

- Құрылымдық бөлімшелердің бақылау кіріс құжаттарының орындалуын бақылау;

- Университетте іс жүргізуді ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру, электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу.

- Университетті құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.

- Университет архивінің жұмысын ұйымдастыру;

- Университеттің құрылымдық бөлімшелерінде құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру, сапасын бақылау.

Қызмет

- Университет қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;

- келіп түскен және жөнелтілетін хат-хабарларды уақтылы өңдеу, оларды мақсаты бойынша жеткізу;

- бақылау құжаттарының орындалу мерзімдерін бақылау;

- Университет құжаттарының Заңнамаға және Университеттің ІНҚ талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуін бақылау;

- ағымдағы іс жүргізу құжаттарын, оның ішінде басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерін тіркеу, есепке алу, сақтау және тиісті құрылымдық бөлімшелерге беру;

- Университетте іс қағаздарын жүргізу жөніндегі қағидаларды және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу және орындау;

- Университеттің істер номенклатурасын әзірлеу;

- номенклатуралық істердің дұрыс қалыптасуын, сақталуын және Университет архивіне уақтылы тапсырылуын бақылау;

- Департаменттің номенклатуралық істерін қалыптастыру және оларды Университет архивіне сақтауға тапсыру;

- Департамент құзыреті шеңберінде Университеттің қажетті құжаттарын іздеуде әдістемелік көмек көрсету; 

Жетістіктер

Бөлім қызметкерлерінің әдістемелік көмегі нәтижесінде құрылымдық бөлімшелер ісқағаздарды мемлекеттік тілде сапалы даярлайды. 2014 жылы Университет қалалық «Мемлекеттік тілде іс жүргізуші үздік мекеме» байқауына қатысып, І орынды иеленді, дипломмен марапатталды.
Соңғы 5 жылда бөлім қызметкерлерінің әдістемелік көмегімен университеттің оқытушы-профессорларының жүзге жуық оқу-әдістемелік құралдары жарыққа шықты.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитететінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2015 жылдың желтоқсан айында «Анықтамалық сөздік (латынша-орысша-қазақша)» баспадан шықты. Авторлары: М.З. Шайдаров, М.Ахметов. Сөздікті компьютерде теріп беттеген топтың жетекші маманы А.М.Шаймұратова. 2017 жылы М.З.Шайдаров пен М.Ахметовтің «Латынша медициналық терминдердің түсіндірме сөздігі» баспадан шықты. Редакторлары – бөлім қызметкерлері Г.Абдешева, М.Тлешева. 2019 жылы М.Ахметовтің, М.Шайдаровтың «Ағылшынша-қазақша медициналық терминдер сөздігі» баспадан шықты. Редакторлары - А.Балтаева және топ қызметкерлері Н.Шамгунова, А. Шаймұратова.
2019 жылғы 12 сәуірде Алматы қаласында өткен ҚР ДСМ жанындағы Денсаулық сақтау саласындағы медициналық терминологиялық комиссияның «Салалық терминдерді қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты республикалық терминологиялық конференцияға бөлім қызметкерлері А.Алиманова мен А.Жүсіп қатысты. Конференция материалдарының жинағында А.Алиманова мен А.Жүсіптің «Медициналық терминдерді латын әліпбиімен жазу мәселелері (шеттілдік сөздер негізінде)» атты мақаласы жарияланды.
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы «Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» ММ «Руханият» КММ-мен бірлесіп қазақ тілін үйренгісі келетін қызметкерлерге тегін оқыту курстары ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 38 бұйрығының 7-тармағына сәйкес Мемлекеттік тілді дамыту тобы ҚР Денсаулық сақтау  министрлігінің Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп 2019 жылғы 1 қарашада «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында  «Медициналық білім беру – мемлекеттік тіл аясында» тақырыбында республикалық терминологиялық конференцияны ұйымдастырды. Конференцияның материалдар жинағына топ қызметкерлерінің мақалалары жарияланды: Б.А.Орынбасарова, А.М. Шаймұратова «Жаңа термин жасаудағы терминбөлшектердің маңызы».

Байланыс деректері

Астана қаласы, Абай даңғылы 47.   409- кабинет.

тел: 8(7172) 577896 (вн. 315/366/361/439/338)

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика