Мұражай

Басшылық
Шолпан Кабыкеновна Хусаин
Мұражай Меңгерушісі

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Астана Медицина университетінің құрметті профессоры. 1972 жылы Алматы медицина университетінің педиатрия факультетін аяқтап, өзінің еңбек жолын Алматы қаласының №6 қалалық балалар ауруханасында бөлімшелік педиатр болып бастаған. 1976 жылы конкурс арқылы А.Н. Сызғанов атындағы эксперименталдық және клиникалық хирургияның ҰҒЗ радиология лабораториясына кіші ғылыми қызметкер лауазымына өтіп, 1988-1993 жылдары аға ғылыми, сосын жетекші ғылыми қызметкер болды. 1993-1996 жылдары осы институттың радионуклидтіқ зерттеу лабораториясының меңгерушісі болды.

1996 жылы Ш.К. Хусаин Қазақстан республикасының Мемлекеттік (кейін Жоғарғы) Аттестациялық Комитетіне (ЖАК) жұмысқа тартылды. Химия, биология, медицина, ветинария және ауыл шаруашылық бөлімінде (2001-2005 ж.ж.) басшының орынбасары, (2005-2008 ж.ж.) басшы қызметінде, ЖАК коллегия мүшесі болды. Ш.К.Хусаин ғылыми еңбегімен қатар, қоғамдық істерге белсенді айналысты. Ол Алматы қаласының Ленин аудандық кеңесінде халық депутаттарының XVIII-ші, XIX-шы шақырылымдарының депутаты болды. ҚР- ның білім, ғылым, техника салаларында Мемлекеттік жүлдені тағайындау бойынша комиссияның мүшесі және жауапты хатшысы, медицина журналдарының мүшесі болды.

2088-2019 жылдары «Астана Медицина Университеті» АҚ-ның Басқарма хатшысы, 2019-2021 жылдарда Сенаттың жауапты хатшысы болып қызмет атқарды. Қазіргі уақытта «Астана Медицина Университетінің» мұражай меңгерушісі.

Кадрлық құрам

Университет мұражайының миссиясы

Университет тарихын кеңінен насихаттау.

Университет мұражайының мақсаты мен міндеттері    

  • жинақтау, ғылыми қор және экскурсиялық жұмыстарды жүргізу;

  • университеттің тарихи, мәдени, білім беру және ғылыми мұрасын насихаттау;

  • мұражайдағы тарихи құжаттар мен жәдігерлер негізінде жастарды кәсіби бағдарлау, адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

  • әр түрлі форматта оқушыларды, талапкерлерді, студенттерді, оқытушыларды, жалпы халықты және университет қонақтарын Университеттің барлық іс-шараларына ақпараттандыру және тарту;

  • оқушылардың мәдени, адамгершілік және эстетикалық тұлғасын қалыптастыру;

  • түрлі іс-шараларды, соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен, еңбек ардагерлерімен, университет түлектерімен кездесулерді өткізуге арналған база.

Мұражайды құру тарихы

Университет мұражайын ұйымдастыру идеясы «МУА» АҚ Ғылыми кеңесінде бірнеше рет талқыланды. Университет ректоры М.З.Шайдаровтың 17.01.2010 жылғы №10-н/қ бұйрығымен оқу-тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі проректор Қ.Қ.Ахметов басқаратын комиссия құрылды, 51 ғимараттан мұражайға бөлме және жөндеу құралдары бөлінді. Мұражай ұжымы бекітілді. Мұражайды ұйымдастыруға университет ардагері, профессор Омарова В.А. тағайындалды.

Қоғам Басқармасының 2010 жылғы 4 қарашадағы № 36 хаттамасымен және директорлар кеңесінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы № 12 хаттамасымен «МУА» АҚ университетінің мұражайын құру туралы шешім қабылданды.

Мұражайды бүкіл университет жасаған. Университет қызметкерлері, мұражай қызметкерлері материалдар жинап, университет және қала мұрағаттарында жұмыс істеді.

2012 жылдың 14 маусымында «МУА» АҚ-да мұражайдың ашылуы өтті. Шараға университет ардагерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, қалалық ауруханалардың бас дәрігерлері, қаланың қоғам қайраткерлері, университет кафедраларының профессорлары мен оқытушылары қатысты. мұражайының ашылуына қатысты.

Қызметі

Бірінші курс студенттерін бейімдеу, сондай-ақ оларды және басқа курс студенттерін университет тарихымен және жетістіктерімен таныстыру мақсатында университет мұражайы жыл бойы студенттерге шолу және тақырыптық экскурсиялар өткізеді. Университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Музей Қазақстанның қала және облыстарының оқушыларына экскурсиялар өткізеді.

Мұражайдың негізгі экспонаттары университеттің, кафедралардың қалыптасу тарихына, оқытушылар мен студенттердің ғылыми және спорттық жетістіктеріне, еліміздің медициналық жоғары оқу орындарымен байланыстарына, халықаралық байланыстарына арналған. Университет мұражайын университетіміздің қызметкерлері, студенттері, жас оқытушылары, түлектері, талапкерлер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, басқа мемлекеттерден келген қонақтар және Қазақстан Республикасындағы елшіліктердің өкілдері қызығушылықпен тамашалайды. Мұражай университеттің адамгершілік-тәрбие жұмысының орталығы бола отырып, студент жастармен көптеген жұмыстар атқаруда.

Жетістіктері

Мұражайға Университеттің барлық курс студенттерінің, студенттердің ата-аналары, ізденушілер, мектеп оқушылары, академиялық ұтқырлық бойынша басқа елдерден келген студенттер, Университетке келген шетелдік ғалымдар және өткен жылдардағы түлектер келушілері артты. Мұражайдың оқу орнының мерейтойларына арналған витриналармен жабдықталуы көбейіп келеді. Мұражайға 3D экскурсиясы әзірленді және енгізілді, экспонаттар цифрлық режимге енгізілуде (ақпаратты университет сайтында – виртуалды мұражайда орналастыру арқылы), QR кодтары арқылы кіру мүмкіндігі бар. 

Контакты:

 Тел: 87013209595 (Хусаин Шолпан Кабыкеновна)

 Тел: 87710969704 (Толеукулова Карлыгаш Карибаевна)

 ішкі: 339

Фотогалерея
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика