Миссия және құндылықтар
Миссия: Аккредиттеудің озық тәжірибелерін енгізу, сапаны ішкі және сыртқы бақылау, үздіксіз жетілдіру мәдениетін дамыту арқылы университеттің білім беру қызметтерінің сапасын тұрақты арттыруды қамтамасыз ету.
Құндылықтар:
-
Жауапкершілік
- Ашықтық
- Объективтілік
- Инновация
- Серіктестік
Команда
Айгуль Битимбаевна Жунусова, департамент директоры. Сапа менеджменті, аккредиттеу және білім беру бағдарламаларын басқару жүйесінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар.
Дания Кайратовна Нурумова, департамент директорының орынбасары. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін әдістемелік сүйемелдеудегі, сондай – ақ білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеудегі жұмыс тәжірибесі.
Кадиша Кусбековна Асылаева, департаменттің бас маманы. ЖОО сертификаттау рәсімдерін, ISO, EFQM стандарттарының талаптарына сәйкестігіне инспекциялық аудитті дайындауда, жүргізуде және сүйемелдеуде 15 жылдан астам тәжірибесі.
Ақбота Нұрланқызы Байсеит, департаменттің бас маманы. Білім беру бағдарламаларының институционалдық және мамандандырылған аккредитация процедураларын ұйымдастырып, қолдау жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ ұлттық және халықаралық рейтингтер бойынша жұмыс тәжірибесі бар.
Нургуль Телеукановна Курманова, жетекші маман.
Камшат Куандыккызы Иманбекова, жетекші маман.
Айжан Куатбеккызы Миятова, маман.
Зульфия Арыстанқызы Арыстан, маман.
Айгерім Дүйсенбаевна Садыкова, маман.
Динара Мухамедьяровна Шалкарова, маман.
Аружан Ерболқызы Албанова, маман.
Жулдыз Ергалиевна Киргабакова, маман.
Құру тарихы
Бөлімшенің тарихы ректордың 2006 жылғы 26 қыркүйектегі №207 бұйрығымен сапа менеджменті бөлімін (СМБ) құрудан басталды. Негізгі міндет университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің енгізілген және сертификатталған интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі негізінде білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етудегі күш-жігерін үйлестіру болды.
Дамудың негізгі кезеңдері:
-
2006–2008 жж. – бөлімнің бірінші басшысы профессор, б.ғ.д. Калиева Күнсұлу Далтонқызы болды.
-
2008 ж. – бөлімді доцент, м. ғ. к. Костюк Александр Владимирович, одан кейін Раисова Қарлығаш Аскеровна басқарды.
-
2011 ж.бастап – жетекшісі Жұмашева Захира Сраждиновна болды.
-
2014 ж. – сапа менеджменті бөлімі болып қайта атау.
-
2020 ж. – аккредиттеу және рейтинг орталығы болып қайта ұйымдастыру ("Астана медицина университеті" КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімі, 15.12.2020 ж. №10 хаттама).
-
2022–2025 жж. – орталықты кезекпен Жунусова Айгуль Битимбаевна және Беркимбаева Жамал Хайрденқызы басқарды.
- 2025 жылдың маусымынан бастап- бөлімше Аккредитация және сапаны басқару департаментіне құрылды, оған Аккредитация және рейтинг орталығы, Сапаны қамтамасыз ету орталығы және Оқу бағдарламаларының аудиті мен сапасы тобы кірді. Директор — Жунусова Айгуль Битимбаевна.
Департаменттің Мақсаттары
-
Сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесін (ІҚЖ) және сапа менеджменті жүйесін (СМЖ)қолдау;
-
Ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық қолдауды қамтамасыз ету және Аккредиттеу және аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімдерін сүйемелдеу;
-
Университет Басқармасы бекіткен негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу.
Қызметтің негізгі бағыттары
-
Білім беру бағдарламалары мен құрылымдық бөлімшелерді институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін дайындау және жүргізу;
-
ІҚЖ және СМЖ жүйелерін қалыптастыру, енгізу және қолдау;
-
ISO 9001 және ESG стандарттарына сәйкестігі бойынша ішкі аудиттерді ұйымдастыру;
-
Бекітілген жоспарға сәйкес және білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау нәтижелерін талдау негізінде білім беру бағдарламаларын бағалау, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу
Нормативтік құжаттар
-
* Сапа саласындағы саясат
-
* * Сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесі (ІҚЖ)
-
* Аккредиттеу және аккредиттеуден кейінгі мониторинг жөніндегі Стандарт
-
Кері байланысты мониторинг жасау
Байланыс ақпараты
Тел.: (7172) 57-78-96 (ішкі. 271)