Алдын ала іріктеудің басталуы

Алдын-ала іріктеудің басталуы

Құрметті PhD докторантураға түсуші үміткерлер!

 

Құрметті PhD докторантураға түсуші үміткерлер!

01.02.2026 ж. – 15.04.2026 ж. аралығында докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуге арналған алдын ала іріктеу үшін құжаттар қабылдау басталады:

·         8D10101 «Мейіргер ісі»;

·         8D10102 «Медицина»;

·         8D10103 «Қоғамдық денсаулық сақтау»;

·         8D10104 «Фармация».

2026 жылы PhD докторантурасына түсуді жоспарлап отырған тұлғалар төменде көрсетілген құжаттарды PDF форматында тіркеп, 15 сәуірге дейін келесі сілтеме арқылы өтінім береді:
https://transfer.amu.kz/doctoral.php

Алдын ала іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

·         Ұйым басшысының атына жазылған өтініш;

·         Жеке куәлік;

·         Резидентураны немесе магистратураны аяқтағаны туралы құжат
(резидентураны немесе магистратураны аяқтаған тұлғалар үшін);

·         Резидентурада немесе магистратурада оқитыны туралы анықтама
(резидентурада немесе магистратурада оқып жүрген тұлғалар үшін);

·         Түйіндеме (жеке деректер, жұмыс тәжірибесі, білімі, дағдылары, өткен курстар, семинарлар, жобаларға қатысуы, шет тілдерін білуі);

·         Жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжат
(магистратураны аяқтаған тұлғалар үшін еңбек өтілі кемінде 9 ай);

·         Шет тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат
(бар болған жағдайда; болмаған жағдайда – құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңінде ұсыну қажет);

·         Мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы ресми сертификат (KAZTEST),
Ұлттық тестілеу орталығы берген
(бар болған жағдайда; болмаған жағдайда – құжаттарды қабылдаудың екінші кезеңінде ұсыну қажет);

·         Мамандықты таңдау туралы эссе
(қазақ немесе орыс тілінде, көлемі А4 форматында 2 беттен аспауы тиіс);

·         Диссертациялық зерттеу аннотациясы
(қазақ немесе орыс тілінде);

·         Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі
(бар болған жағдайда);

·         Ғылыми әзірлемелер туралы куәліктер; ғылыми стипендиялар мен гранттар алғаны туралы сертификаттар; ғылыми конференциялар мен конкурстарға қатысқаны үшін грамоталар/дипломдар және т.б.
(бар болған жағдайда).

Құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда, талапкерге өтінімде көрсетілген электрондық поштаға қолхат жіберіледі.

Құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда, талапкердің өтінімі қаралмайды.

Докторантураға түсу үшін бірінші кезеңге өтінім берген талапкерлер докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқуға үміткерлерді алдын ала іріктеу жөніндегі Комиссияның отырысында диссертациялық зерттеу аннотациясын презентация түрінде ұсынады
(баяндаманың регламенті – 10–15 минут).

Алдын ала іріктеу қорытындысы бойынша талапкерді оқуға қабылдаудың екінші кезеңіне жіберу немесе жібермеу туралы шешім қабылданады. Қабылданған шешім туралы ақпарат Комиссия отырысынан кейінгі келесі күні Университеттің сайтында жарияланады.

Алдын ала іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді.

Қосымша ақпарат алу үшін қабылдау комиссиясының келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады:

·         +7 (7172) 53-95-12

·         +7 708 494 21 79

 


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика