I КЕЗЕҢ – КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ (КТ)

Оқуға түсуші КТ қатысушыларының дерекқорына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн өтініш береді:

1) күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 5 шілдесіне дейін

2) күнтізбелік жылдың 25 қазан - 10 қараша аралығында.

Келесі сілтеме бойынша: https://app.testcenter.kz/. КТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/.

Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсетін тұлғалар шет тілі бойынша тестті (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз), білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тестті, таңдау бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тестті қамтитын КТ тапсырады.

Қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратураға түсетін тұлғалар білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тестті және қазақ немесе орыс тілінде таңдау бойынша оқуға дайындығын анықтауға арналған тестті қамтитын КТ тапсырады.

Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі

Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

Бейіндік пәндер

1

2

M139

Денсаулық сақтаудағы менеджмент

«Денсаулық сақтаудағы менеджмент» БББ

Экономикалық теория негіздері

Менеджмент негіздері

M140

Қоғамдық денсаулық

(«Қоғамдық денсаулық», «Денсаулық сақтау экономикасы», «Медициналық туризм», «Жаһандық денсаулық», «Эпидемиология», «Медициналық құқық» БББ)

Биостатистика

Қоғамдық денсаулық

M141

Мейіргер ісі

(«Мейіргер ісі» БББ)

Мейіргер ісінің негіздері

Мейіргер ісінің менеджменті

M142

Фармация

(«Фармация» БББ)

Фармация экономикасы және басқару және дәрі дәрмек технологиясы

Фармацевтикалық химия және фармакогнозия

M144

Медицина

(«Медицина», «Нутрициология», «Клиникалық психология» БББ)

Биостатистика

Дәлелді медицина

II КЕЗЕҢ-БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН БЕРУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ

Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген құжаттарды Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі және (немесе) университеттің қабылдау комиссиясына тапсырады.

Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламаларының тобын және үш ЖЖОКБҰ көрсетеді.

Мерзімдер туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

III КЕЗЕҢ – УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ

Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:

1)    күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;

2)    күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау конкурстық негізде КТ бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады:

1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін: кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша-кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейіндік пән бойынша-кемінде 7 балл, екінші бейіндік пән бойынша-кемінде 7 балл, оқуға дайындығын айқындауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл 7 ұпай;

2) қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейіндік магистратура үшін: кемінде 50 балл, бұл ретте оқуға дайындығын айқындауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл.

Түсушілер ақылы негізде қабылдау КТ үшін 150 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес КТ қорытындысы бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқытатын магистратураға жүзеге асырылады:

1) ғылыми-педагогикалық магистратураға: кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламаларына дайындықты айқындауға арналған тест бойынша оқыту-кемінде 7 балл.

2) бейіндік магистратураға: кемінде 50 балл, бұл ретте оқуға дайындығын айқындауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бір дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл, бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдаумен – кемінде 7 балл.

Толығырақ ақпаратты сілтеме арқылы алуға болады https://amu.edu.kz/ru/poslevuzovskoe-obrazovanie/magistratura/magistratura-dlya-postupayushchikh/.

© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика