Магистратураға түсу процесі
I КЕЗЕҢ – КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ (КТ)
Оқуға түсуші КТ қатысушыларының дерекқорына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн өтініш береді:
1) күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 8 шілдесіне дейін
2) күнтізбелік жылдың 28 қазан - 10 қараша аралығында.
Келесі сілтеме бойынша: https://app.testcenter.kz/. КТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады http://www.testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-magistraturu-i-doktoranturu/priem-na-obuchenie/.
Ғылыми-педагогикалық магистратураға түсетін тұлғалар шет тілі бойынша тестті (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз), білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тестті, таңдау бойынша қазақ немесе орыс тілінде оқуға дайындығын анықтауға арналған тестті қамтитын КТ тапсырады.
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден тұратын КТ тапсырады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсуші тұлғалар ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тестілеуден тұратын КТ тапсырады.
Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі |
Білім беру бағдарламалары топтарының атауы |
Бейіндік пәндер |
|
1 бейіндік пән |
2 бейіндік пән |
||
M080 |
Биология |
Клетка биологиясы |
Ботаника |
M139 |
Денсаулық сақтаудағы менеджмент (Денсаулық сақтаудағы менеджмент, Медициналық құқық БББ) |
Экономикалық теория негіздері |
Менеджмент негіздері |
M140 |
Қоғамдық денсаулық (Қоғамдық денсаулық сақтау, Биологиялық қауіпсіздік, Жаһандық денсаулық, Эпидемиология, Геронтология, Нутрициология БББ) |
Биостатистика |
Қоғамдық денсаулық |
M141 |
Мейіргер ісі (Мейіргер ісі БББ) |
Мейіргер ісі негіздері |
Мейіргер ісіндегі мененджмент |
M142 |
Фармация (Фармация, Фармация және иммунобиологиялық препараттардың биотехнологиясы БББ) |
Фармацияның басқарылуы және экономикасы және дәрілер технологиясы |
Фармацевтикалық химия және фармакогнозия |
M144 |
Медицина («Медицина», «Клиникалық психология» БББ) |
Биостатистика |
Дәлелді медицина |
II КЕЗЕҢ-БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН БЕРУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ
Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында көрсетілген құжаттарды Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі және (немесе) университеттің қабылдау комиссиясына тапсырады.
Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламаларының тобын және үш ЖЖОКБҰ көрсетеді.
Мерзімдер туралы ақпарат білім беру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
III КЕЗЕҢ – УНИВЕРСИТЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ
Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүргізіледі:
1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алу үшін КТ бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады:
1) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;
2) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін кемінде 30 балл, бұл ретте оқуға дайындығын анықтауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл;
3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл;
Ғылыми-педагогикалық магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеу үшін 150 балдық бағалау жүйесінің шәкіліне сәйкес кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.