- Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау білім беру грантын тағайындауға конкурстың қорытындысы шыққан күннен бастап 24 тамызға дейін.
- Ақылы негізде оқуға қабылдау: 17-24 тамыз.
1-қадам. pl.amu.kz сілтемесі арқылы Platonus университеттің ақпараттық жүйесіне тіркелу қажет.
Platonus ақпараттық жүйесінде тіркелу нұсқаулары https://www.youtube.com/watch?v=gWj7fYleH9M
2-қадам. Құжаттарды 24 тамызға дейін университеттің қабылдау комиссиясына тапсырыңыз.
3-қадам. Оқу ақысын төлеу (ақылы оқуға түскен жағдайда).
4-қадам. Білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімге қол қою.
1) университет Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) білімі туралы құжат (аттестат/ диплом) (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлік (түпнұсқасы және 2 көшірмесі);
4) ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);
5) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет (аты-жөні мен мамандығын жазып қиып, қол қойыңыз);
6) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);
7) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді «Медицина», «Педиатрия», «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология», Медициналық-профилактикалық іс білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін) (баспа түрде шығару);
8) ағылшын тілін білу деңгейін растайтын сертификаттың көшірмесі. (егер бар болған жағдайда);
9) басым құқықты растайтын құжат (егер бар болған жағдайда, түпнұсқа, көшірме):
-"Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар,
- патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар,
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар,
- тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;
10) басым құқық пен квота берілгенін растайтын құжаттар (егер бар болған жағдайда, түпнұсқа, көшірме):
- медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар,
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер,
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар,
- жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын,
- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары,
- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар,
- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар,
- бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.
11) білім беру грантын беру туралы куәлік (егер бар болған жағдайда);
12) тіркеу куәлігі (ұлдар үшін, көшірме);
13) білім беру қызметтерін көрсету туралы келсім шарт;
14) төлем туралы түбіртек;
15) конверт (қағаз түрдегі) А4;
16) қағаз түріндегі папкасы.
PDF форматындағы барлық құжаттардың электронды нұсқасы.
ҚҰЖАТТАР ОФЛАЙН ҚАБЫЛДАНАДЫ
18 жасқа толмаған үміткерлер ата-анасының немесе заңды өкілінің қатысуымен қабылданады. Ата-анасының немесе өкілінің біреуі болмаған жағдайда, өтініш берушімен бірге жүретіндер ата-анасының немесе заңды өкілінің нотариалды куәландырылған сенімхатын ұсынуға міндетті.