I кезең – Тіркелу және ҰБТ тапсыру
Оқуға түсуші ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасына тіркелу үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы негізгі ҰБТ-ға 2 (екі) рет тестілеуге қатысу үшін https: https://app.testcenter.kz/. сілтемесі бойынша онлайн өтініш береді.
ҰБТ тапсыру мерзімі туралы толық ақпаратты https://testcenter.kz/ru/postupayushchim-v-vuz/ent/edinoe-natsionalnoe-testirovanie-ent/ сілтемесі бойынша алуға болады.
«Денсаулық сақтау» білім беру саласы бойынша оқуға түскісі келетін тұлғалар келесі пәндер бойынша ҰБТ тапсырады: Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, биология, химия.
II КЕЗЕҢ-ПСИХОМЕТРИЯЛЫҚ ЕМТИХАН ТАПСЫРУ
Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қабылдау:
- Мейірбике ісі,
- Медицина,
- Стоматология,
- Педиатрия,
- Медициналық-профилактикалық іс Қазақстан Республикасының кез келген медициналық университетінде тапсыруға болатын психометриялық емтихан нысанында арнайы емтиханның нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Психометриялық тестілеу «ӨТТІ» немесе «ӨТПЕДІ» нысанында бағаланады.
Психометриялық тестілеудің нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан, медициналық университеттерге ұсыну үшін рұқсат беру ведомосынан үзінді көшірме беріледі.
«Астана медицина университеті» КеАҚ-да психометриялық емтиханды тіркеу кестесі мен тапсыру мерзімдері ЖОО-ның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Психометриялық емтиханнан өту үшін талапкер «Астана медицина университеті» КеАҚ қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);
2) 3 x 4 см өлшеміндегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) ҰБТ сертификаты (бар болса);
5) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
III кезең – Білім беру грантын беру конкурсына қатысу
Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 70 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Жергілікті бюджет (әкімдіктердің гранттары) есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер ағымдағы жылдың 5-10 тамызы аралығында өтініш береді.
БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Өтініш;
2. Білімі туралы құжат және оған қосымшалар (көшірме, түпнұсқасы салыстыру үшін);
3. ҰБТ сертификаты (ҰТО сайтынан басып шығарылған түрде);
4. Жеке куәлік (көшірме, түпнұсқасы салыстыру үшін);
5. Басым құқықты растайтын құжат (бар болған жағдайда) (көшірме, түпнұсқасы салыстыру үшін).
- "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған адамдар;
- патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдар;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар;
- осы Қағидалардың 6-тармағының оныншы бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдар.
6. Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері;
7. Жеңілдікті санатты растайтын құжат (бар болған жағдайда) (көшірме, түпнұсқасы салыстыру үшін):
- бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - (таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны, мүгедектік тобы көрсетілген мүгедектіктің белгіленгенін растайтын анықтаманы, мүгедектігі бар баланың туу туралы куәлігін (түпнұсқа және көшірме) ұсыну қажет);
- басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін (белгіленген үлгідегі куәлік, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқанын растайтын әскери комиссариаттың анықтамасы немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқаны туралы белгісі бар әскери билет);
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - (білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және нотариат куәландырған аудармасының көшірмесі, паспорттың нотариат куәландырған аудармасының көшірмесі, нострификация туралы құжат (немесе қабылданғаны туралы қолхат), «қазақ» ұлтын растайтын құжат (көшірмесі, салыстыру үшін түпнұсқасы));
- жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін - (ата-анасының біреуінің немесе екеуінің де қайтыс болуы туралы куәлікпен, ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабар-ошарсыз кеткен деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде баланы тәрбиелеу немесе емдеу ұйымынан алудан бас тартуына, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығының болмауының өзге де жағдайларына байланысты расталады);
- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін - (көпбалалы ананың куәлігі, барлық балалардың туу туралы куәліктері, ата-аналарының жеке куәліктері, мемлекеттік жәрдемақы алатынын растайтын анықтама (көшірмесі, салыстыру үшін түпнұсқасы));
- үш жылдан кем емес мәртебесі бар толық емес отбасылардың балалары-кемінде үш жыл мәртебесі бар толық емес отбасылардың балалары некені бұзу туралы куәлігі, ата-анасының біреуінің қайтыс болуы туралы куәлігі, сот шешімі, талапкердің туу туралы куәлігі, ата-анасының соңғы үш жыл ішінде некеде тұрмағаны туралы нотариалды куәландырылған анықтамасы;
- бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін - (отбасында тәрбиеленіп жатқан мүгедектігі бар балаға немесе мүгедектігі бар адамға берілген мүгедектікті растайтын анықтама және оның туу туралы куәлігі, талапкердің туу туралы куәлігі (көшірмесі, салыстыру үшін түпнұсқасы));
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
- Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;
- әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін;
8. А4 конверт
9. Қағаз түріндегі папкасы.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ТӘРТІБІ:
Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы https://egov.kz/cms/ru/services/university_degree/pass_pryem1 тапсыруға болады немесе ЖОО-ның қабылдау комиссиясына жүгінуге болады.
IV КЕЗЕҢ – УНИВЕРСИТЕТКЕ БІЛІМ АЛУШЫЛАР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен Университетке оқуға түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін Студенттер қатарына қабылдауды Университеттің қабылдау комиссиясы білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері шығарылған сәттен бастап 25 тамызына дейін үзеге асырады.
Оқуға қабылдау кезінде жоғарыда аталған құжаттармен бірге қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсыруі қажет:
1) Университет Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) білім беру грантын беру туралы куәлік;
3) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет (аты-жөні мен мамандығын жазып қиып, қол қойыңыз);
4) 075-У үлгідегі медициналық анықтама (түпнұсқа + көшірме), флюорографияның суреті, 063-У үлгідегі көшірме (егу картасының көшірмесі);
5) тіркеу куәлігі (ұлдар үшін, көшірмесі);
6) білім беру қызметтерін көрсету туралы келсім шарт.
7) электрондық цифрлық қолтаңба – ЭЦҚ (міндетті түрде!)
Барлық қажетті құжаттар PDF форматында Platonus қосымшасы https://pl.amu.kz/ сілтемесі арқылы жүктелуі керек.
Құжаттар жүктелгеннен кейін міндетті түрде техникалық хатшыларға, құжаттардың түпнұсқаларын растау үшін тапсыру қажет.
Кәмелетке толмаған талапкерлер (18 жасқа толмаған) құжаттарды ата-анасының біреуінің немесе заңды өкілінің қатысуымен тапсырады. Талапкерді алып жүрген жағдайда өзге тұлға ата-анасының біреуі немесе заңды өкілі берген нотариат куәландырған сенімхатты ұсынуы қажет.
Ата-ана немесе заңды өкіл ұсынатын құжаттардың тізбесі:
-
ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі (салыстыру үшін көшірмесі және түпнұсқасы);
-
талапкердің туу туралы куәлігі (салыстыру үшін көшірмесі және түпнұсқасы);
-
нотариалды куәландырылған сенімхат (заңды өкіл немесе өзге уәкілетті тұлға мүдделерін білдірген жағдайда).