Қысқартылған оқыту нысанына түсу процессі
«Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология», Медициналық-профилактикалық іс мамандықтары бойынша қысқартылған білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін
«Астана медицина университеті» ҚеАҚ-да
I кезең-Қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру
Қабылдау емтиханына/әңгімелесуге құжаттарды қабылдау мерзімі: 1 шілдеден 5 тамызға дейін.
Қажетті құжаттар тізімі
1) Университет Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
4) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) электрондық форматтағы 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралар алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады;
6) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология», Медициналық-профилактикалық іс білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін);
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.
Университеттің қабылдау комиссиясы нақты білім беру бағдарламасына түсу үшін барлық құжаттардың түпнұсқалығын және білім алушының алған сәйкестігін тексереді.
II кезең-Психометриялық емтихан тапсыру
«Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология», Медициналық-профилактикалық іс білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасының кез келген медициналық университетінде тапсыруға болатын психометриялық емтихан нысанында арнайы емтихан нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Психометриялық тестілеу «ӨТТІ» немесе « ӨТПЕДІ» түрінде бағаланады.
Психометриялық тестілеудің нәтижелері өткізілген күні жарияланады.
Психометриялық тестілеуден өту нәтижелері бойынша оқуға түсушіге арнайы емтихан тапсыру орнына қарамастан медициналық университеттерге ұсыну үшін рұқсат ведомосінен үзінді көшірме беріледі.
Онлайн тіркеу мерзімі |
Емтихан өткізу мерзімі |
Емтихан уақыты |
Апелляцияға өтініштерді қабылдау |
Емтиханды өткізу орны |
15 маусым– 8 шілде |
20 маусым – 10 шілде (жексенбіден басқа) |
10.00-11.30; 12.00-13.30; 14.00-15.30; 16.00-17.30. |
Келесі күні сағат 13.00-ге дейін апелляция |
Бейбітшілік к-сі, 51, компьютерлік кабинет 201 |
25 шілде – 15 тамыз |
26 шілде – 20 тамыс (жексенбіден басқа) |
10.00-11.30; 12.00-13.30; 14.00-15.30; 16.00-17.30. |
Келесі күні сағат 13.00-ге дейін апелляция |
Психометриялық емтиханға қатысуға тіркелу үшін талапкер университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (түпнұсқа және көшірме);
2) 3 x 4 см, өлшемдегі 2 фотосурет;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың біреуінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда).
III кезең- Әңгімелесу/ қабылдау емтиханын тапсыру
https://amu.edu.kz/postupayushchim/cokrashchyennoe-obuchenie/The-schedule-of-exam/?changeLang=true
IV кезең – Университетке қабылдау
Ақылы негізде Университетке оқуға түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқыту үшін студенттер қатарына қабылдауды Университеттің қабылдау комиссиясы ақылы негізінде оқуға түсу конкурстың нәтижелері жарияланған сәттен бастап күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін жүзеге асырады.
Оқуға қабылдау құжаттарының тізбесі
1) Университет Ректорының атына белгіленген нысан бойынша өтініш;
2) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);
4) 3 x 4 см, өлшемдегі 6 фотосурет;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралар алынып тасталуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынады;
6) психометриялық емтиханнан өткені туралы ведомостен үзінді «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия», «Эрготерапия», «Фармация», «Стоматология», Медициналық-профилактикалық іс білім беру бағдарламалары бойынша түсушілер үшін);
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.
Университеттің қабылдау комиссиясы нақты білім беру бағдарламасына түсу үшін барлық құжаттардың түпнұсқалығын және білім алушының алған сәйкестігін тексереді.
7) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген қосымша құжаттарды тапсырады;
8) ақылы негізінде білім беру қызметтерін көрсету туралы келсім шарт.