Досанова Әсем Кәлелқызы
Академиялық жұмыс жөніндегі проректор

PhD, қауымдастырылған профессор, жоғары санатты дәрігер-педиатр, балалар хирургі

 

2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-педиатр» мамандығы бойынша бітірген. 2007–2010 жылдары интернатура және резидентурада «балалар хирургиясы» мамандығы бойынша оқыды.

 

Мамандығы бойынша еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласындағы «№2 қалалық балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК-да бастады. 2012–2013 жылдары Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-да жаңа туған нәрестелер хирургиясы секторында жұмыс істеді.

 

2013–2016 жылдары 6D110100 – «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша докторантурада оқыды. 2016 жылы диссертациясын сәтті қорғап, PhD дәрежесін алды.

 

2016-2023 жылдар аралығында балалар хирургиясы кафедрасында ассистент, кейіннен доцент қызметтерін атқарды. Клиникалық, ғылыми және педагогикалық қызметке белсенді қатысты, кафедраның оқу-әдістемелік жұмысын басқарды.

 

Оның басшылығымен кафедраға заманауи білім беру технологиялары енгізілді: белсенді оқыту әдістері, e-learning және қашықтан оқыту жүйелері. Студенттік ғылыми үйірменің ғылыми жетекшісі болды, оның шәкірттері студенттік олимпиадалар мен халықаралық конференциялардың жүлдегерлері атанып жүрді.

 

2018–2022 жылдары қаңқалық дисплазияларға арналған бастамалық ғылыми жобаны іске асыруға қатысты. Оның жетекшілігімен бір PhD-диссертация орындалды.

 

2023–2025 жылдары Академиялық қызметті жоспарлау және дамыту орталығын басқарды. Оқу процесін ұйымдастыруға, академиялық блоктың бизнес-процестерін автоматтандыруға, аналитикалық шешімдерді енгізуге және білім беру бағдарламаларын жетілдіруге жауап берді.

 

2025 жылдан бастап — «Астана медицина университеті» КеАҚ академиялық жұмыс жөніндегі проректоры.

 

25 ғылыми жарияланымның, оның ішінде 7 халықаралық рецензияланатын басылымдардағы (Scopus, Web of Science) мақаланың авторы. 5 патент пен бір оқу құралының иесі. Хирш индексі — 3.

 

Марапаттары мен жетістіктері:

2007 — Республикалық үздік студенттік ғылыми жұмыс байқауының жеңімпазы

2008 — Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО үздік түлегі деп танылды

2022 — «Халық алғысы» мемлекеттік наградасы

2023 — «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалі

Zain ul Abideen Muhammad - Обучающийся [Astana]
02.02.2023 16:03:01
Greetings i have a request regarding final medical diploma of General medicine. On WDOMS and IAAR our course tittle and duration is as: Bachelor of General Medicine (5 year). It is the same title we get upon completion of our course. Unfortunately we are not being accepted for USMLE. As on ECFMG platform the Mentioned title of eligible program is "Physicion" which program was ended in 2007 according to WDOMS.org It is an humble request to please update ECFMG regarding our current program and degree title. So that they can start accepting "Bachelor of GeneRal Medicine". It will make our degree accepted for USMLE. Kind Regards!
rektorat@amu.edu.kz
02.02.2023 16:03:01
Dear students, thank you very much for your inquiry. We are very pleased to know that you are striving to continue your studies and become a qualified doctor after completing your basic education at our University. After reviewing your request, we inform you that the University has sent a letter to ECFMG (ecfmg.org) notifying that, in accordance with the State Compulsory Education Standard (Order of the Minister of Health No. 647 dated July 31, 2015, with additions and changes dated February 21, 2020 No. ҚР ДСМ-12/2020 with additions and changes), a graduate who completes the educational program "General Medicine" is issued a bachelor's degree in public health under the educational program "General Medicine". The letter also contains information about the availability of a certificate of accreditation of the educational program. The educational program 6B10107 General Medicine was accredited by the IAAR (IAAR) on April 29, 2022 with the validity of the certificate until April 28, 2027. The ECFMG authorized person should reply to us as soon as possible. You can find out about the status of our request by contacting us by e-mail: iro@amu.kz Dear students, you can familiarize with the Educational Program B086 - "General Medicine" on the website amu.edu.kz., where a passport of the educational program is provided indicating the qualification characteristics of the graduate. https://amu.edu.kz/upload/iblock/a74/a7405983a150cd5b084cc4bb54920d29.pdf
Батыров Тулеубай Уралбаевич - Сотрудник [Астана ]
18.01.2023 15:06:09
Сәлеметсіз! Мен 2 УМЛ өткізіп едім,академсоветте литература жаңартуын деген ескертпесін орындадым, бас маман Асель Қайргелдиноваға 29.12.2022 ж. қайта өткіздім. Қандай шешімге келген туралы хабар ала алмай отырмын. Көмектесіңіз. Рақмет.
rektorat@amu.edu.kz
18.01.2023 15:06:09
Сәлеметсіз бе, Төлеубай Уралбаевич! Академиялық қызметті дамыту орталығы Сіздің 2 оқу-әдістемелік әдебиеттеріңізді қайта тексеріп, “Стоматология” білім беру бағдарламасының сапасын қамтамасыз ету жөніндегі комитетінің отырысында қайта талқылануына жіберілді. Одан әрі Академиялық кеңесте кайта қарастырылады. Содан кейін Шешімін Сізге хабарлаймыз.
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика