Медицина ғылымдарының кандидаты, "АстМУ" КеАҚ №3 Отбасылық медицина кафедрасының профессоры.
1999 жылға дейін Семей мемлекеттік медицина академиясының балалар аурулары кафедрасының ассистенті және доценті қызметтерін атқарды. 1999 жылдан 2003 жылға дейін Ақмола мемлекеттік медицина академиясының №1 балалар аурулары кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. Әр жылдары Астана медицина университетінде факультеттерді басқарды: орта медициналық білім беру факультеті (2003-2006жж.), медициналық-биологиялық ісі, медициналық-профилактикалық ісі және фармацевтикалық факультеттер (2006-2008жж.), педиатрия және шығыс медицинасы факультеті (2008-2010жж.), Қоғамдық денсаулық сақтау, стоматология, фармация, мейірбике ісі факультеті (2011-2018 жж.); 2019 жылдан бастап "Стоматология" факультетінің деканы қызметін атқарды. Университет құрылымының өзгеруіне байланысты 2022 жылдың қыркүйегінен бастап барлық бакалавриат білім беру бағдарлмалары жеке мектептерге бөлінді. Педиатрия мектебінің деканы болып Айтбек Әнуарбекұлы Кәрібжанов тағайындалды.
Төмендегі төсбелгілер иесі:
1) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі", 2011 жыл.
2) "денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", 2021 жыл.