Шульгау Зарина Тоқтамысқызы – медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, Хирш индексі – 14, Scopus деректер базасында жарияланған 57 ғылыми мақаланың, 15 патенттің және 2 монографияның авторы.
Scopus Author ID: 25651954000, Researcher ID: L-1400-2015, ORCID: 0000-0001-8148-0816.
2006 жылы Ресей Федерациясының Томск қаласындағы Сібір мемлекеттік медицина университетін «дәрігер-биохимик» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2009 жылы осы университеттің күндізгі аспирантурасын аяқтап, «Фармакология, клиникалық фармакология» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын қорғаған.
2009 жылдан бастап – аға ғылыми қызметкер, 2010–2013 жылдары Қарағанды қаласындағы «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингінің Эксперименттік және клиникалық фармакология зертханасының меңгерушісі болды.
2013–2015 жылдары – Назарбаев Универсетінің (Астана қ.) Өмір туралы ғылымдар орталығының аға ғылыми қызметкері.
2015–2023 жылдары – Ұлттық биотехнология орталығының (Астана қ.) Токсикология және фармакология зертханасының меңгерушісі.
2018 жылдан бастап «Victus Pharm» ЖШС-нің жетекші ғылыми қызметкері ретінде ғылымды коммерцияландыру және ғылыми зерттеулер бойынша гранттарды жүзеге асырып келеді.
2023–2024 жылдары – Назарбаев Универсетінің National Laboratory Astana ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері.
2024–2025 жылдары – Инновациялық және профилактикалық медицина институтының (Астана қ.) Геронтология, гериатрия және қартаюға қарсы медицина бөлімінің маманы.
2025 жылғы маусымнан бастап – «Астана медицина университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры.
Профессор Зарина Шульгау – эксперименттік және клиникалық фармакология, фармакотоксикология, қартаюға қарсы медицина және биофармацевтика саласының жетекші сарапшысы. Оның ғылыми-зерттеу саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Осы уақыт ішінде зертханаларды және ғылыми гранттарды басқарды, халықаралық ғылыми коллаборацияларға қатысты, пәнаралық жобаларды жүзеге асырды және биомедицина саласында инновациялық шешімдерді әзірлеуге атсалысты.
Оның жетекшілігімен геронтология, өкпе фиброзы, жасушалық қартаю, сондай-ақ өсімдік текті экзосомаға ұқсас нанобөлшектерді әзірлеу бағыттары бойынша ғылыми гранттар жүзеге асырылуда.
Марапаттары: Қарағанды облысы әкімінің «Медицина және биотехнологиялар» саласындағы жас ғалымдарға арналған сыйлығының лауреаты; дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның екі мәрте иегері; жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін берілетін Қ.И. Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты; «Медицина және денсаулық сақтау» бағыты бойынша «Үздік ғылыми қызметкер – 2025» сыйлығының лауреаты.