Аккредитация және сапаны басқару департаменті

Аккредитация және сапаны басқару департаменті

Басшылық
Жунусова Айгүл Битимбайқызы
Департамент директоры




Семей облысында туған.

Білімі: жоғары.
1) Семей мемлекеттік медицина институты, педиатрия факультеті, дәрігер-педиатр, 1992 жыл;
2) Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Қаржы менеджменті, 2001 жыл;

Ғылыми дәрежесі: Медицина ғылымдарының кандидаты, 2004 жыл.

Ғылыми жарияланымдары: 90-нан астам жарияланымның авторы (педиатрия, медициналық генетика, медициналық білім беру ұйымы саласындағы тезистер мен мақалалар).

Марапаттары: Дарынды және жас ғалымдарға арналған ҚР БҒМ сыйлығының лауреаты 2004-2006 жыл;
ҚР ДСМ "Денсаулық сақтау үздігі" төсбелгісі – 2010 жыл.

Жұмыс тәжірибесі:

1992-1994 жж. – СММИ факультеттік педиатрия кафедрасының клиникалық ординаторы.

1994-2006 жж. – СММИ госпитальдық педиатрия кафедрасының ассистенті.

2006-2007 жж. – инновациялық технологиялар және оқыту сапасының мониторингі бөлімінің бастығы.

2007-2012 жж. – Семей қ. ММУ оқу-әдістемелік орталықтың бастығы.

2012-2018 жж. – Семей қ. ММУ оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор.

2018-2019 жж. – Семей қ. ММУ халықаралық инновациялық білім департаментінің директоры.

2019-2022 жж. – Семей қ. ММУ академиялық жұмыс департаментінің директоры.

2022-2023 жж. – «Астана медицина университеті» КеАҚ аккредиттеу және рейтинг орталығының басшысы.

Бірнеше рет медициналық жоғары оқу орындарын тексеру бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссияларының құрамына кірді. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің, ұлттық медициналық орталықтардың, ҒЗИ мен жоғары оқу орындарының сыртқы сараптама комиссиясының төрағасы және мүшесі, ҚР ДСМ жанындағы МЖМБС әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.

Израильде, Түркияда медициналық білім беру менеджменті мәселелері бойынша, Данияда Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының кеңсесінде аккредиттеу мәселелері бойынша оқыған.

Кадрлық құрам

Миссия және құндылықтар

Миссия:  Аккредиттеудің озық тәжірибелерін енгізу, сапаны ішкі және сыртқы бақылау, үздіксіз жетілдіру мәдениетін дамыту арқылы университеттің білім беру қызметтерінің сапасын тұрақты арттыруды қамтамасыз ету.

Құндылықтар:
  • Жауапкершілік
  • Ашықтық
  • Объективтілік
  • Инновация
  • Серіктестік

Команда

Айгуль Битимбаевна Жунусова, департамент директоры. Сапа менеджменті, аккредиттеу және білім беру бағдарламаларын басқару жүйесінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Жамал Хаирденкызы Беркимбаева, департамент директорының орынбасары. Білім беру бағдарламаларын, ұлттық және халықаралық рейтингтерді институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін ұйымдастырушылық сүйемелдеу жөніндегі жұмысты үйлестірудегі жұмыс тәжірибесі.

Кадиша Кусбековна Асылаева, департаменттің бас маманы. ЖОО сертификаттау рәсімдерін, ISO, EFQM стандарттарының талаптарына сәйкестігіне инспекциялық аудитті дайындауда, жүргізуде және сүйемелдеуде 15 жылдан астам тәжірибесі.

Дания Кайратовна Нурумова, департаменттің бас маманы. Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін әдістемелік сүйемелдеудегі, сондай – ақ білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеудегі жұмыс тәжірибесі.

Ақбота Нұрланқызы Байсеит, жетекші маман.

Камшат Куандыккызы Иманбекова, жетекші маман.

Айжан Куатбеккызы Миятова, маман.

Зульфия Арыстанқызы Арыстан, маман.

Айгерім Дүйсенбаевна Садыкова, маман.

Динара Мухамедьяровна Шалкарова, маман.

Құру тарихы

Бөлімшенің тарихы ректордың 2006 жылғы 26 қыркүйектегі №207 бұйрығымен сапа менеджменті бөлімін (СМБ) құрудан басталды. Негізгі міндет университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің енгізілген және сертификатталған интеграцияланған сапа менеджменті жүйесі негізінде білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етудегі күш-жігерін үйлестіру болды.

Дамудың негізгі кезеңдері:

  • 2006–2008 жж. – бөлімнің бірінші басшысы профессор, б.ғ.д. Калиева Күнсұлу Далтонқызы болды.

  • 2008 ж. – бөлімді доцент, м. ғ. к. Костюк Александр Владимирович, одан кейін Раисова Қарлығаш Аскеровна басқарды.

  • 2011 ж.бастап – жетекшісі Жұмашева Захира Сраждиновна болды.

  • 2014 ж. – сапа менеджменті бөлімі болып қайта атау.

  • 2020 ж. – аккредиттеу және рейтинг орталығы болып қайта ұйымдастыру ("Астана медицина университеті" КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімі, 15.12.2020 ж. №10 хаттама).

  • 2022–2025 жж. – орталықты кезекпен Жунусова Айгуль Битимбаевна және Беркимбаева Жамал Хайрденқызы басқарды.

  • 2025 жылдың маусымынан бастап-бөлім аккредиттеу және сапа менеджменті департаменті болып қайта құрылды. Жетекшісі- Жунусова Айгуль Битимбаевна.

Департаменттің Мақсаттары

  • Сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесін (ІҚЖ) және сапа менеджменті жүйесін (СМЖ)қолдау;
  • Ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық қолдауды қамтамасыз ету және Аккредиттеу және аккредиттеуден кейінгі мониторинг рәсімдерін сүйемелдеу;

  • Университеттің әлеуетін академиялық қызметте тиімді пайдалану жүйесін қолдау;

  • Университет Басқармасы бекіткен негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу.

Қызметтің негізгі бағыттары

  • Білім беру бағдарламалары мен құрылымдық бөлімшелерді институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерін дайындау және жүргізу;
  • ІҚЖ және СМЖ жүйелерін қалыптастыру, енгізу және қолдау;

  • ISO 9001 және ESG стандарттарына сәйкестігі бойынша ішкі аудиттерді ұйымдастыру;

  • Бекітілген жоспарға сәйкес және білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау нәтижелерін талдау негізінде білім беру бағдарламаларын бағалау, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын жақсарту үшін ұсыныстар енгізу

Жетістіктер

  • 2010 – сертификаттау аудитінен сәтті өту (ISO 9001: 2008, AFNOR, Франция).
  • 2011–2013 – EFQM модель бойынша енгізу және дамыту:

o    « Кемелдікке ұмтылу » (2011),

o    « Танылған кемелдік » – 4 жұлдыз (2012),

   « Танылған кемелдік » – 5 жұлдыз (2013).

  • 2012–2014 – халықаралық стандарттарды енгізу:

o    ISO/IEC 27001 (ақпараттық қауіпсіздік),

o    ISO 26000 (әлеуметтік жауапкершілік),

o    ISO 31000 (риск-менеджмент),

o    ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001.

  • 2016 – менеджмент жүйесінің сәтті қайта сертификаттау аудиті (AFNOR, Франция).

  • 2014 – 5 жылға мемлекеттік аттестаттаудан және лицензиялаудан өту.

  • 2021 – Ұлттық рейтинг бойынша Қазақстанның ТОП-20 ЖОО-на кіру (85 ЖОО арасында 7 орын, медициналық рейтингтер арасында 3 орын).

  • 2022 – Ұлттық рейтингте 2 орын IQAA-Ranking.

  • 2023 – QS Stars-қа қатысу:

o    3 жұлдыз тағайындалды (оның ішінде жұмысқа орналасу үшін 4 жұлдыз).

  • 2024 – Қазақстанның медвузовтары арасында бірінші болып QS Stars те 5 жұлдыздың 4 жұлдызын алды.

  • 2025 – "Атамекен" ҰКП рейтингінде білім беру бағдарламаларының жоғары позициялары:

o    1 орын – Фармация

o    2 орын – Қоғамдық денсаулық, Медицина

o    3 орын – Мейіргер ісі

o    4 орын – Стоматология

Нормативтік құжаттар

  • * Сапа саласындағы саясат
  • * * Сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесі (ІҚЖ)

  • * Аккредиттеу және аккредиттеуден кейінгі мониторинг жөніндегі Стандарт

Байланыс ақпараты

Тел.: (7172) 57-78-96 (ішкі. 271)
























Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика