Мақсаттары
1. Положение департамента развития инфраструктуры
2. Правила предоставления служебных жилых помещений НАО «Медицинский университет Астана» по договору найма
3. Правила предоставления в имущественный наем (аренду) нежилых помещений НАО «Медицинский университет Астана»
4. Должностные инструкции работников департамента развития инфраструктуры
Құрылу тарихы
1964 жылы Медициналық институт құрылған күннен бастап шаруашылық қызмет ұйымдастырылды, 1997 жылдан бастап Әкімшілік-шаруашылық бөлімі (ӘШБ) деп аталды, 2004 жылы — Шаруашылық басқармасы болып өзгертілді, 2009 жылы — Сервис-шаруашылық бөлімі, 2011 жылғы 1 ақпаннан бастап — Сервис-шаруашылық басқармасы, 2015 жылғы 1 наурыздан бастап — Сервис-шаруашылық қызмет көрсету департаменті деп қайта аталды, 2019 жылғы 9 қыркүйектен бастап —Инфрақұрылымды дамыту департаменті деп өзгертілді.
2022 жылдың тамыз айынан бастап Инфрақұрылымды дамыту департаменті
Инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлік департаменті болып қайта аталды
2025 жылғы 28 сәуірден бастап құрылым қайтадан Инфрақұрылымды дамыту департаменті болып өзгертілді.
Қызметі
Университеттің бекітілген бюджеті мен мемлекеттік сатып алу жоспарына сәйкес университеттің құрылымдық бөлімшелерін материалдық - техникалық ресурстармен қамтамасыз ету; аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың қасбеттерін мен холлдарды мерекелік, көркем безендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; университеттің ішкі бөлімшелерінің тауарлық-материалдық құндылықтар мен қызметтерге деген қажеттіліктеріне сәйкес даму жоспарын және мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу бойынша қызметті жүзеге асыру; мемлекеттік сатып алу өткізу, университеттің құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен өтінімдерді орындау жұмыстарын ай сайын мониторингілеу; университеттің құрылымдық бөлімшелерін автокөлікпен қызмет көрсету бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету; еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету; баспа өнімдерін шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; қажетті баспа өнімдерін жоғары сапада шығаруды қамтамасыз ету; көшіру, тираждау, ұсақ баспа өндірісі бойынша қызметтерді ұсыну.
Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша ұйымның ішкі регламенттеуші құжаттарын әзірлеу және келісу жұмысына қатысу; басқарма қызметкерлерінің өкілеттілігі мен жауапкершіліктерін құжаттарда белгілеу (Басқарма ережесін және басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу); Университеттің миссиясын, болжамын және стратегиялық мақсаттарын орындауға қатысу;
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының жұмысын тиімді ұйымдастыру; материалдық-техникалық құралдар мен қызметтерге деген қажеттіліктерді анықтау, оларды сатып алу үшін және қызмет көрсету үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен өтінімдерді қабылдау.
Баспа өнімдерін шығару: газеттер, кітаптар, мерзімді басылымдар, іскерлік бланкілер, құттықтау ашық хаттар және қосалқы қызмет: түптеу ісі, баспа формаларын жасау және суреттерді өңдеу; жұмыс әртүрлі технологиялар мен әртүрлі материалдарды пайдалана отырып орындалады.
Эксплуатация басқармасының қызметіне келесі қызметтер жатады:
- инженерлік-техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдерін өңдеу;
- Университет бөлімшелері орналасқан іргелес аумағы бар әкімшілік, оқу, тұрғын үй-жайларға, қойма үй-жайларына, ас блоктарына, жертөле және техникалық үй-жайларға, ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсету және жөндеу;
- Университеттің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметтер көрсетуге шарттар жасасу үшін қажетті құжаттарды уақтылы ресімдеу;
- ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңарту, ағымдағы және күрделі жөндеу, ғимараттардың қасбеттерін абаттандыру бойынша жұмыстардың жүргізілуін және жобалануын бақылау;
- ғимараттар мен құрылыстарды тұрақты ұстау және жұмыс жағдайында ұстау.
Жетістіктері
Даму жоспарының орындалу процесіне , құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен өтінімдердің орындалуына (жиһазды жөндеу, стенділер, мөрлер, тақтайшалар, шетелдік студенттер үшін оқу процесіне арналған кестелер дайындау, имидждік өнімдер дайындау, куверткалар, гардероб нөмірлері, үстелге қойылатын жалаушалар, құттықтау ашық хаттары, дипломдар мен папкалар дайындау) жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі. Ішкі және іргелес аумақты тазалау бойынша клинингілік компаниялардың жұмысы үздіксіз жүргізіледі, барлық объектілер бойынша дератизациялау, дезинсекциялау жұмыстары, ҚТҚ шығару, ТМҚ утилизациялау жұмыстары уақытында жүргізіледі, қалалық іс-шаралар аясында қасбетті мерекелік безендіру жұмысы орындалады, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері ТМҚ уақытында қамтамасыз етіледі.
Баспа өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімшелер мен оқытушы-профессорлар құрамының қанағаттануы үшін өтінімдерді уақытылы орындау.
2022 жылы «Симуляциялық орталықты жаңарту» жобасы басталды. 2023 жылы орталық жөнделіп, ауданы 440 м²-ден 1793,8 м²-ге дейін кеңейтілді. 2024 жылы Сарыарқа даңғылы, 33 мекенжайындағы оқу-зертханалық ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Төрт дәріс залы, морфологиялық орталық, сондай-ақ Бейбітшілік көшесі, 49а мекенжайындағы акт залы мен холлға жөндеу және косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы Жеңіс даңғылы, 35А мекенжайындағы жатақхананың 2 блогына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы Жеңіс даңғылы, 35 мекенжайындағы жатақхананың 1 блогына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жөндеу жұмыстары тұрғын үй-жайларды жаңартуды, санитариялық жағдайларды жақсартуды, сондай-ақ білім алушылардың өмір сүру жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берген ортақ кеңістікті жаңартуды қамтыды. Осы жылы оқу процесіне ыңғайлы болуы үшін заманауи жабдықтармен жабдықталған жаңа оқу залы ашылды. Жаңарту бағдарламасы аясында Бейбітшілік көшесі, 53 мекенжайында орналасқан кітапхана инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді жұмыс жүргізілді. Кітапхана заманауи жабдықтармен жабдықталып, оқу және зерттеу жағдайлары жақсартылды, бұл оның жұмыс істеуіне және білім алушылар мен оқытушылар үшін қолжетімділікті айтарлықтай арттырды.
Барлық іске асырылған жобалар мен іс-шаралар студенттердің оқу және тұру жағдайларын жақсартуға, сондай-ақ Университеттің инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жақсарту жөнiндегi жұмысты жалғастыру және инвестициялар тарту оқу орнының одан әрi өсуi мен дамуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Байланыс
Астана қаласы, Абай даңғылы 47, 611-кабинет,6-шы қабат.
607, 608, 614, 615 кабинеттер
Жалпы университетке қатысты нормативтік- реттеуші құжаттар:
1. Инфрақұрылымды дамыту департаментінің ережесі
2. «Астана медицина университеті» КеАҚ қызметтік үй-жайларын жалдау шарты бойынша беру қағидалары
3. «Астана медицина университеті» КеАҚ тұрғын емес үй-жайларын мүліктік жалдауға (жалға) беру ережесі
4. Инфрақұрылымды дамыту департаментінің жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары