Мейіргер ісі мектебі

Мейіргер ісі мектебі

Басшылық
Жетмекова Жулдыз Турехановна
деканның міндетін атқарушы

медицина ғылымының магистрі (мейіргер ісі)

Семей медицина университетін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша бітірген, жоғары медициналық білім беру саласында мол тәжірибесі бар: оқыту, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми жобаларға жетекшілік ету және халықаралық бастамаларға қатысу. Scopus, Web of Science және ҒЖБССҚК дерекқорларында индекстелетін рейтингтік халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың авторы және бірлескен авторы болып табылады.

Ғылыми қызығушылықтары мен кәсіби басымдықтары: «Мейіргер ісі» бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту және жаңғырту, оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдық белсенділікті ілгерілету, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, эмпатия мен этикалық стандарттарға негізделген кәсіби мәдениетті қалыптастыру.

Кадрлық құрам

Мақсаттары

Халықты сапалы күтіммен, профилактикамен және денсаулықты қалпына келтірумен қамтамасыз ететін мейіргер ісі мен реабилитация саласының мамандарын даярлау, сондай-ақ дәлелді тәжірибе қағидаттарына негізделген және заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істейтін жаңа буын кәсіби мамандарын қалыптастыру.

Құрылу тарихы

«Астана медицина университеті» КеАҚ-да «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды даярлау 2007 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді.

Мейіргерлік білімді дамыту және оның сапасын арттыру мақсатында, Директорлар кеңесінің шешімімен (№7 хаттама, 2019 жыл 24 шілде) университет құрылымында жеке «Мейіргер ісі» деканаты құрылды. Кейін деканат аясында «Кинезитерапия» және «Эрготерапия» атты жаңа білім беру бағдарламалары әзірленіп, мейіргер ісі мен реабилитация саласында жоғары білікті мамандарды даярлау мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.

Университеттің жаңа ұйымдастырушылық құрылымын іске асыру шеңберінде,   2022 жылы қыркүйекте жаңа құрылымдық бөлімше — «Мейіргер ісі» мектебі ашылды.

Қызметі

«Мейіргер ісі» мектебі «Мейіргер ісі», «Кинезитерапия» және «Эрготерапия» бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған қызмет атқарады. Мектептің жұмысы білім, ғылым және практиканы интеграциялау негізінде білікті мамандарды даярлауға, сондай-ақ мейіргер ісі мен реабилитация саласындағы еңбек нарығының қажеттіліктерін талдауға бағытталған.

2025 жылдың маусым айынан бастап Мектеп «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша барлық деңгейдегі — бакалавриат, магистратура және докторантура мамандарын даярлауды жүзеге асырады. Алдағы уақытта техникалық және кәсіптік білім беру мен қолданбалы бакалавриат деңгейіндегі білім беру бағдарламаларын іске асыру жоспарлануда, бұл білім беру процесінің үздіксіз интеграциясын және мамандар даярлаудың сабақтастығын қамтамасыз етеді.

Маңызды бағыттардың бірі — мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, медициналық мекемелермен және стейкхолдерлермен ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ білім беру және ғылым саласында республикалық және шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара әрекеттесу болып табылады. Мектеп институционалдық және мамандандырылған аккредитацияға, халықаралық және ұлттық рейтингтерге (QS, «Атамекен») белсенді қатысады, білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асырады, елордадағы жетекші медициналық ұйымдар базасында клиникалық тәжірибені қамтамасыз етеді.

«Мейіргер ісі» мектебінің білім беру бағдарламалары

Бакалавриат деңгейі:

1. «Мейіргер ісі» бағдарламасы - орта білім (11 сынып) негізінде «Мейіргер ісі» саласында жоғары медициналық білім алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру, қолданбалы бакалавриат түлектері үшін оқудың қысқартылған мерзімдері қарастырылған (2 жыл 6 ай және 10 ай). 

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының түлегіне «Мейіргер ісі бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. 

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Мансаптық өсу мүмкіндігі: практикалық мейіргерден бастап денсаулық сақтау менеджеріне және медициналық колледж оқытушысына дейін;

  • Елордадағы жетекші медициналық ұйымдарда тәжірибеден өту;

  • Магистратура мен докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі.

            2. «Кинезитерапия» бағдарламасы - орта білім (11 сынып) негізінде реабилитология саласында жоғары медициналық білім алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру мен қолданбалы бакалавриат түлектері үшін оқудың қысқартылған мерзімдері қарастырылған (2 жыл 6 ай және 10 ай). 

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін «Кинезитерапия» білім беру бағдарламасының түлегіне «Кинезитерапия» білім беру бағдарламасы бойынша мейіргер ісі бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Реабилитациялық орталықтарда, санаторийлерде, спорттық медицина саласында жұмыс істей алатын мамандарды даярлау;    

  • Аурулар мен жарақаттардан кейінгі науқастарды профилактика және қалпына келтірудің заманауи әдістемелерін меңгеру; 

  • Кәсіби тәлімгерлердің қатысуымен клиникалық базаларда практикалық оқыту;

  • Қазақстанда медициналық реабилитация жүйесінің дамуына байланысты еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болу.

3.  Эрготерапия бағдарламасы - орта білім (11 сынып) негізінде реабилитология саласында жоғары медициналық білім алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру және қолданбалы бакалавриат түлектері үшін оқудың қысқартылған мерзімдері қарастырылған (2 жыл 6 ай және 10 ай).

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін «Эрготерапия» білім беру бағдарламасының түлегіне «Эрготерапия» білім беру бағдарламасы бойынша мейіргер ісі бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Науқастардың функционалдық дағдыларын қалпына келтіру және әлеуметтік бейімделу бойынша мамандарды даярлау;

  • Инсульттен, жарақаттан, созылмалы аурулардан кейінгі адамдарға көмек көрсетуге басымдық беру;

  • Науқастардың өмір сапасын жақсарту үшін заманауи реабилитациялық әдістемелерді қолдану;

  • Медициналық және реабилитациялық орталықтарда тәжірибеден өту;

  • Денсаулық сақтау саласында, әлеуметтік қызметтерде және жеке практикада мамандарға жоғары сұраныс.

Магистратура деңгейі:

«Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы екі бағыт бойынша дайындықты қарастырады: ғылыми-педагогикалық бағыт – оқу мерзімі 2 жыл, профильдік бағыт – оқу мерзімі 1 жыл. Білім деңгейіне қойылатын талаптар: «Мейіргер ісі», «Жалпы медицина», «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Стоматология», «Медико-профилактикалық іс» мамандықтары бойынша жоғары кәсіби білім. Берілетін академиялық дәреже – «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасы бойынша медицина ғылымдарының магистрі немесе денсаулық сақтау магистрі.

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Мансаптық өсу: Түлектерге медициналық ұйымдарда, білім беру мекемелерінде және ғылыми орталықтарда бас мейіргер, сондай-ақ медициналық ұйымдардың мейіргер ісі жөніндегі басшыларының орынбасары лауазымдарын қоса алғанда, жетекшілік қызметтерді атқару мүмкіндігі беріледі;

  • Ғылыми-зерттеу дайындығы: Бағдарлама зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, бұл ғылыми жобаларға қатысуға және халықаралық басылымдарда жариялануға жол ашады;

  • Халықаралық мүмкіндіктер: Бағдарлама заманауи халықаралық стандарттарға сәйкес, бұл түлектерге академиялық ұтқырлыққа қатысуға, шетелде білімін жалғастыруға және кәсіби қызмет атқаруға мүмкіндік береді;
  • Педагогикалық құзыреттілікті дамыту: Магистранттар медициналық ЖОО-ларда оқытушы ретінде жұмыс істеуге дайындық алады және медициналық білім беруді дамытуға үлес қосады;
  • Инновациялық көзқарас: Бағдарлама мейіргер ісіндегі заманауи үрдістерді қамтиды, соның ішінде көшбасшылық, мейіргерлік көмектің сапасын басқару және дәлелді практиканы енгізу;
  • Мамандарға сұраныс: Мейіргер ісі магистрлері денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және халыққа медициналық көмектің сапасын арттыру үшін негізгі кадрлық ресурсқа айналады.

Докторантура деңгейі

«Мейіргерлік ғылым»: оқу мерзімі – 3 жыл. Білім деңгейіне қойылатын талаптар: «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейіргер ісі», «Фармация», «Медико-профилактикалық іс», «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистратура болуы қажет. Берілетін академиялық дәреже – «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD).

Бағдарламаның артықшылықтары:

  • Кәсіби білімнің жоғарғы деңгейі: Докторантура клиникалық білімді, басқаруды және ғылыми зерттеулерді үйлестіре отырып, мейіргерлік ғылым саласының сарапшысы болуға мүмкіндік береді;

  • Зерттеу құзыреттерін дамыту: Бағдарлама дербес ғылыми зерттеулер жүргізуге, халықаралық рецензияланатын журналдарда жарияланымдар дайындау мен гранттық жобаларға қатысу дағдыларын қалыптастырады;

  • Академиялық көшбасшылықты қалыптастыру: Түлектер ғылыми ұжымдарды басқаруға, білім беру бағдарламаларын дамытуға және денсаулық сақтау саласындағы саясатқа үлес қосуға қабілетті;

  • Халықаралық мойындау: Бағдарлама халықаралық стандарттарға сәйкес құрылып, академиялық ұтқырлық пен жаһандық ғылыми қауымдастыққа интеграциялануға жол ашады;

  • Педагогикалық мансап: Мейіргерлік ғылым бойынша философия докторлары (PhD) медициналық университеттер мен колледждерде жаңа буын мамандарын даярлауда сұранысқа ие;

  • Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосатын үлесі: Түлектер мейіргер ісіндегі инновациялық тәсілдерді әзірлеуде, медициналық көмектің сапасын арттыруда және халықтың денсаулығын нығайтуда негізгі мамандарға айналады.

Байланыс ақпараты: 


Қазақстан, Астана қаласы

Бейбітшілік 49а көшесі (басты ғимарат), 215каб., 801 каб., 802 каб.

Тел.: 8 (7172) 57-78-96

243, 231, 495 (ішкі байланыс)

E-mail:

zhetmekova.zh@amu.kz (декан м.а.)



mukhamedyarova.a@amu.kz



akshulakova.s@amu.kz (магистратура/докторантура мәселелері бойынша)

tussupova.m@amu.kz  (бакалавриат мәселелері бойынша)

aimoldina.k@amu.kz (мектептің академиялық ұтқырлығы мәселелері бойынша)

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика