№1 Анестезиология және қарқынды терапия кафедрасы

№1 Анестезиология және қарқынды терапия кафедрасы

Басшылық
Айдос Қабибулатұлы Конкаев
кафедра меңгерушісі

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты дәрігер. Астана қаласы медицина университеті жанындағы докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы. ҚР ДСМ Анестезиология және реанимация жөніндегі сарапшысы, "Қазақстанның анестезиологиясы және реаниматологиясы", "Травматология және ортопедия"ғылыми-практикалық журналдардың редалқасының мүшесі. Еуропалық анестезиологтар қоғамының (ESA), Аймақтық анестезия еуропалық қоғамының (ESRA) толық мүшесі, Қазақ анестезиологтар және реаниматологтар қоғамының (КОАР) вице-президенті. 2013 жылдан бастап Астанада Анестезиология (СЕЕА) бойынша қосымша білім беру жөніндегі еуропалық мектеп филиалының директоры.

Thomson Reuters мәліметтер базасында индекстелген 11 ғылыми мақала мен тезистердің авторы, 130-дан астам ғылыми жарияланым, 4 монография, 3 оқу құралы, 18 инновациялық патент шығарды. 2008 жылы ҚР ДСМ "Жылдың үздік оқытушысы" грантының иегері, 2009 жылы ESA "Young teacher" (Милан) грантының иегері, 2017 жылы "ҚР Денсаулық сақтау үздігі"медалімен марапатталды. ҚР ДСМ бұйрығымен 2008-2009 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау департаментінің бас анестезиолог-реаниматологі болып тағайындалды. La Sapienza (Рим, Италия), AKH (Вена, Австрия), Зальцбург (Австрия), Санкт-Петербург қ. (Ресей) университеттік клиникасында анестезиология және реаниматология бойынша тағылымдамадан өтті, Нью-Йорк қ. (АҚШ) Колумбия университетінде ғылыми зерттеулер менеджементінің мәселелері бойынша оқудан өтті.

Кадрлық құрам

Мақсаттары

Анестезиология,  реанимация және қарқынды  терапия мәселелері бойынша теориялық негіздері мен практикалық машықтарды меңгеру. Науқасты операциялық жарақаттан қорғау тәсілдері, организмнің резевтік  мүмкіндіктерін  мақсатты түрде арттыру,  жүйелер мен ағзаларда операция салдарынан туындайтын физиологиялық және патофизиологиялық өзгерістерді  түзету, сондай- ақ науқасты өмірге қауіп төндіретін жағдайдан барынша  жылдам шығару әдістері мен тәсілдері, жіті және созылмалы ауырсыну синдромының  алдын алу және емдеу оқытылады.

Құрылу тарихы

Анестезиология және қарқынды  терапия кафедрасы 2011 жылы ұйымдастырылып, меңгеруші болып профессор Конкаев А.К. Қайтадан құрылған кафедра құрамына профессор Мустафин А. Х., м.ғ.к. Кабдуалиев А. К., Разумов С. А., ассистенттер Гурбанова Э. И., Бапанов Ж. А. қабылданды. Кафедраның клиникалық базалары "Травматология және ортопедия ҒЗИ" РМК, 2-ші қалалық аурухана, "2-ші қалалық балалар ауруханасы"РМК болды.

Профессор Конкаев А. К., ассистент Гурбанова Э. И. "көптеген және жанамаласқан жарақаттары, олардың салдары және ортопедиялық аурулары бар науқастарды диагностикалау, емдеу және оңалтудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу" тақырыбы бойынша ТОҰҒЗИ ҒЗТКЖ ғылыми-техникалық бағдарламасының үзіндісін орындады. Ғылыми-техникалық бағдарлама шеңберінде олар Picco әдісімен волюметриялық мониторингілеу, артериялық қысымды инвазивті бақылау, көлемді  қан кетудің инфузиялық терапиясының алгоритмін әзірлеу жұмыстарын жүргізді. Профессор А. К. Конкаев магистрант Н. В. Бекмагамбетовамен бірге тірек-қимыл аппаратының жарақаттары бар геронтологиялық науқастардың операциядан кейінгі делирий проблемасы зерттелді, MMSE және CAM-ICU шкаласы бойынша когнитивті статусқа кешенді баға берді, ментальдық бұзылыстарды түзетудің инновациялық әдістемелері енгізілді.

Профессор Кабдуалиев А. К. торакальдық  және кеудеден тыс жерге  операциялар жасағанда тыныс алу және қанайналым функцияларын зерттеумен айналысады. Осы мақсаттар үшін оңжақ жүрек бөліктерін Сван-ганец әдісімен катетеризациялау жүзеге асырылады, жүрек шығарымын және айналымдағы қан көлемі радиоизотоптық әдістемелердің көмегімен бағаланды, сондай-ақ сурфактанттың беткейлік-белсенді қасиеттері зерделенеді.

Профессор Разумов С. А. балалар перитонитінің  қарқынды терапиясы мәселелерін тереңдете зерттейді.

Қазіргі уақытта №1 анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының клиникалық базалары: «акад. Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО» ШЖК РМК, №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы, Ішкі істер министрлігінің госпиталі.

№1 анестезиология және қарқынды терапия кафедрасымен әртүрлі мамандық дәрігерлерін алғашқы қайта даярлау жүргізіледі, біліктілікті арттыру циклдерінде анестезиологтар, реаниматологтар, токсикологтар, неонатологтар, жедел жәрдем дәрігерлері оқытылады. Кафедраның барлық қызметкерлері Италия, Австрия, Норвегия, Литва, Ресей, АҚШ жетекші клиникаларында тәжірибеден өтті.

Қызмет

Кафедраның ғылыми- зерттеу қызметінің негізгі бағыттары жүрек және тыныс функциясының жіті жеткіліксіздіктерінің қарқынды терапиясы, науқастарды анестезияға және операциядан кейінгі аналгезияға дайындау, полигағзалық  жеткіліксіздік синдромын, сепсис емдеу, анестезиология және реаниматология қызметін ұйымдастыруды жетілдіру.

Жетістіктері

Кафедра қызметкерлері аймақтық анестезия-аналгезияның өзекті мәселелеріне, кардиохирургиялық операция кезінде респираторлық демеу мәселелеріне арналған 1 докторлық, 1 PhD және 2 кандидаттық диссертацияны қорғады. Кафедра  қызметкерлерінің диссертациялық жұмыстарын қорытындылау орталық нейроаксиалдық блокадаларының өзекті мәселелері бойынша 5 монография шығарумен аяқталды, 24 инновациялық патент, 5 ғылыми-әдістемелік құрал және 250 - ден астам ғылыми мақала-таяу және алыс шетелдерде шығарылды.

"АМУ" КЕАҚ №1 анестезиология және қарқынды кафедрасы клиникалық практикаға жаңа технологияларды енгізу бойынша әдістемелік-ұйымдастыру орталығы болып табылады. Кафедраның  ғылыми және клиникалық жұмысының негізгі бағыты ауыр жарақаттық зақымданулар алғанда көлемдіқан кетудің интенсивті терапиясын оңтайландыру, ЖӨР кейін неврологиялық бұзылыстарды дәрі-дәрмекпен түзету, ҚТБ науқастардың делирий кезінде анестезиологиялық және реанимациялық көмекті жетілдіру.

2012 жылы кафедра қызметкерлері Анестезиология бойынша еуропалық мектептің (СЕЕА) Астана қаласындағы филиалын ашуға өтінім берді. Еуропалық анестезиологиялық білім беру комитетінің отырысында (Барселона, Испания) 2013 жылғы 3 маусымда Қазақстандағы алғашқы CEEA филиалы ашылды, оның директоры болып "АМУ" КЕАҚ №1 анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі, профессор А. К. Конкаев тағайындалды. Еуропалық анестезиологиялық білім беру қоры-халықаралық коммерциялық емес ұйым 1986 жылы Голландияда Johan Spierdijk (Лейден), Philippe Scherpereel (Лилль)құрылды. Одан кейін ол Еуропалық анестезиологтар қоғамы (ESA) жанындағы Еуропалық анестезиологиялық білім беру комитеті (CEEA) болып қайта құрылды. Бүкіл әлем бойынша анестезиологиялық білім беру бойынша Еуропалық комитеттің 120-дан астам филиалы ашылды, 8000-нан астам анестезиолог-реаниматолог дәрігер оқудан өтті. Барлық 6 цикл бағдарламасы Еуропалық Анестезиология қоғамымен (ESA) және Дүниежүзілік анестезиологтар қоғамының федерациясымен (WFSA) келісілді. СЕЕА оқу курсын аяқтаған үміткерлердің анестезиология бойынша еуропалық диплом алу үшін емтиханнан өтуге құқығы бар.

Кафедраның даму жоспарында емдеу базаларын кеңейту, анестезиолог реаниматолог дәрігерлерді магистратурада және докторантурада оқуын жалғастыру үшін кафедраға қабылдау қарастырылған.

Байланыс

«Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО» ШЖҚ РМК, Нұр-Сұлтан қ., Абылайхан данғ., 15а, Анестезиология және реанимация бөлімі;


Электрондық пошта: 8602817@mail.ru


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика