профессор
Нурила Амангалиевна Малтабарова
Медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары санатты дәрігер.
Малтабарова Н.А. С.Д. Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетінің түлегі. Университетті бітіргеннен кейін 1992 жылы АММИ балалар хирургиясы кафедрасына, анестезиология және реанимация курсымен бірге, клиникалық ординатураға түсті. Клиникалық ординатураны 1994 жылы аяқтады, сол жылы Малтабарова Н.А. балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми орталығына аспирантураның күндізгі бөліміне оқуға түсті. Аспирантураны бітіргеннен кейін медицина ғылымдарының кандидаты дәрежесіне төмендегі шифрлар 14.00.35 – балалар хирургиясы және 14.00.37 – анестезиология - реаниматология бойынша диссертация қорғады. Клиникалық ординатура мен аспирантурада оқыған кезде анестезиолог-реаниматолог ретінде тәжірибелік жұмыс атқарды. Аспирантураны бітірген соң, Алматы қаласының №1 қалалық балалар ауруханасы мен балалар хирургиясы және педиатрия ғылыми орталығының анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімдерінде анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмыс істеді. 1998 жылы Малтабарова Н.А. анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі Лисенков С.А. шақыруымен Ақмолаға ауысып, Қазақ мемлекеттік медицина академиясының анестезиология және реаниматология кафедрасына ассистент болып жұмысқа қабылданды. Кафедраның ассистенті болып жұмыс істеумен қатар, Ақмола қаласындағы №2 қалалық балалар ауруханасы базасында емдеу жұмыстарын жүргізді, кейін Ақмола атауы Астанаға ауыстырылды. Емдеу жұмысы анестезиология, реаниматология және қарқынды терапия бөлімінде жүргізілді. Н.А. Малтабарованың кәсібилігін және еңбексүйгіштігін мойындау 2000 жылы Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығының бұйрығы Астана қаласының басты балалар анестезиолог-реаниматологы етіп тағайындауы болып табылады. Бұл әлеуметтік жүктеме 2005 жылға дейін жүзеге асырылды.
Малтабарова Н.А. кафедра ассистенті болып істеп жүріп, кафедраның оқу және оқу-әдістемелік жұмыстарына жауапты болды. Осы бағытта университеттің басшылығымен атап өтілген жетістіктер де болды, ал 2004 жылы Нұрила Аманғалиқызы университеттің оқу-әдістемелік бөлімін басқарды. Кейінірек оқу-әдістемелік бөлім оқу-әдістемелік басқарма болып қайта құрылды, кейіннен білім беру үрдісінің сапасын бақылау басқармасына өзгертілді. Әдістемелік жұмыстың барысында, басқарманы басқара отырып, Малтабарова Нурила Аманғалиқызы университет ұжымымен бірге 2003, 2005 және 2006 ж. мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізді. Оның басшылығымен сапа менеджменті бөлімінің жетекшісімен бірге университетте сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Ғылыми жұмысты жалғастыру үшін Малтабарова Н.А. 2007-2008 оқу жылында «Анестезиология және реаниматология, жедел медициналық көмек курсы» кафедрасының доценті лауазымына ауыстырылды, ол кафедра 2014 жылы жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасы болып өзгертілді. 2013 және 2016 жылдан кафедра профессоры лауазымын атқарды. 2017 жылдан бастап Малтабарова Н.А. жедел медициналық көмек және анестезиология, реаниматология кафедрасын басқарды.
Малтабарова Н.А. 2015-2016 оқу жылында студенттердің арасындағы сауалнама қорытындысы бойынша «2015-2016 оқу жылындағы клиникалық кафедралар арасындағы Астана медицина университетінің үздік оқытушысы» атағы берілді.
Оның ғылыми қызығушылығының қатарын ауыр жағдайдағы науқастардағы нутритивті қолдаудың өзекті мәселелері қамтиды. Қазақстанда алғашқылардың бірі болып күйіктік ауруға шалдыққан балалардағы метаболикалық бұзылуларды түзету үшін мамандандырылған тағамдарды қолдануды енгізді.
Малтабарова Н.А. өзінің біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Кәсіби шеберлік деңгейін көтеру мақсатында Оңтүстік Флоридада (АҚШ, Оңтүстік Флорида, Тампа қаласы), Тель-Авив университетінде және Сораски медициналық орталығында (Израиль) оқыды. 2017 жылдың қыркүйегінде халықаралық стандарттарға сәйкес жүрек-өкпе реанимациясын (BLS, ACLS) қамтамасыз ету оқуынан өтті.
Кафедра меңгерушісі Н.А. Малтабарованың жетекшілігімен 2018 жылы Жұмабаев М. Б., Иримбетов С. Б. және Ли Т. А. докторлық диссертациялары қорғаудан (PhD) табысты өтті. Ғылыми зерттеулер «Ишемиялық инсульт кезіндегі жүйелі қабыну реакциясын зерттеу» (Жұмабаев М. Б.), «АІЖ қатерлі ісігі бар науқастарда операция алдындағы кезеңде нутритивті қолдау» (Иримбетов С. Б.), «Ерте жастағы балалардың бронх-өкпе дисплазиясының қарқынды терапиясы» (Ли Т. А.) мәселелеріне арналған. Булатов Е. Ю. «Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміндегі өмірдің бірінші жылындағы балалардағы сепсисті ерте диагностикалаудың тиімділігін бағалау» тақырыбында докторантурадағы оқуын аяқтады.