"Мейіргер ісі бойынша тәлімгерлерді даярлау" атты семинар

"Мейіргер ісі бойынша тәлімгерлерді даярлау" атты семинар

"Мейіргер ісі бойынша тәлімгерлерді даярлау" атты семинар

2023 жылы 24-28 сәуір аралығында "Астана медицина университеті" КеАҚ - да (бұдан әрі-Университет) трансферт және инновациялық технологиялар орталығы мен Мейіргер ісі мектебі бірлесіп ұйымдастырған "Мейіргер ісі бойынша тәлімгерлерді даярлау" семинары өткізілді.

Мақсатты аудиторияны Астана қаласының медициналық ұйымдарының бас, аға, сондай-ақ тәжірибелі мейіргерлері болды: ШЖҚ "Қалалық инфекциялық орталық" МКК, "Қалалық перинаталдық орталық", ЖШС "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық", Гепатопанкреатобилиарлық хирургия және ағзаларды трансплантациялау Орталығы, Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының ауруханасы.

Дәріскерлер: тәлімгерлерді даярлау бойынша жаттықтырушылар болып саналатын Мейіргер ісі мектебінің деканы, м.ғ.к., З. А. Байгожина, практика, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жетекшісі Г. Б. Кабдуллина,

сондай-ақ "Дәлелді медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика" кафедрасының оқу-ісі жөніндегі меңгерушісі, медицина ғылымдарының магистрі Ж. Б. Бекбергенова болды.

Семинардың мақсаты бірлескен клиникалық қызмет процесінде білім алушылардың кәсіби, практикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететін "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін тәлімгерлерді даярлау болды.

Бағдарламаға сәйкес семинар және практикалық сабақтар шеңберінде тыңдаушылар тәлімгерліктің негіздері мен заманауи әдістері, мейіргер ісіндегі тәлімгерліктің халықаралық тәжірибесі, оқудың қолайлы және қауіпсіз ортасын құру, білім алушыларды психологиялық қолдау, тәлімгердің құзыреттілігі, дәлелді мейіргер ісінің негіздері, тәлімгерлікте қолданылатын педагогикалық тәсілдер мен әдістер, кері байланыс, студенттерді бағалау туралы білім алды.

Оқыту барысында әр тақырыпты талқылаудың интерактивті форматы, бақылау сауалнамасы, ситуациялық тапсырмаларды талдау қолданылды. Тақырып бойынша тапсырмаларды талқылау шағын топтарда өтті. Тақырыптарды интерактивті талқылау барысында кері байланыс, рефлексия қолданылды.

Практикалық сабақтар кезінде клиникалық практикаға қойылатын талаптар, Білім беру бағдарламасының мазмұны, курстар мен семестрлер бойынша клиникалық практика бағдарламаларын оқыту нәтижелері бойынша алған білімдерін пайдалана отырып, тыңдаушылар топтарда өз бетінше клиникалық практиканың қолданыстағы бағдарламаларына талдау жүргізді, яғни нақты жағдайларға жақын форматта жұмыс істеді. Топтар жұмысының нәтижелері бойынша ұсынымдар клиникалық практика бағдарламаларын қайта қарау және өзектендіру кезінде ескерілетін болады.

Оқу барысында тыңдаушылар тарапынан тақырыптарға қызығушылық байқалды, топтар тапсырмаларды талқылауға белсенді және ынтамен қатысып, өз тәжірибелерімен және бақылауларымен бөлісті.

Семинар қорытындысы бойынша алынған білім, дағдылар мен құзыреттер 1:3 (бір тәлімгерге 3 білім алушы) қатынасында мейіргер ісі бойынша білім алушылардың сапалы практикалық даярлығын қамтамасыз ету үшін тиімді тәлімгерлердің қалыптасуына ықпал ететін болады.

Семинар қорытындысы бойынша тыңдаушыларға 60 сағаттық семинардан өткені туралы сертификаттар берілді.

Болашақта Университет оқытылған мейіргерлерді "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды практикалық даярлау үшін тәлімгер ретінде қарастырады.

Мұндай оқытуды Университет кейінгі жылдары "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар контингентін ұлғайтуды жоспарлауды ескере отырып, тұрақты негізде жүргізетін болады.

Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар дәріскерлерге алғыстарын білдірді, сондай-ақ мейіргерлік қызмет басшылары үшін мейіргер ісіндегі көшбасшылық бойынша оқытуға қатысуға ниет білдірді

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика