Халықаралық өкілдер қатысатын Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамының (KaSBariMeT-2023) ΙΙ-ші конгресі өтеді

Халықаралық өкілдер қатысатын Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамының (KaSBariMeT-2023) ΙΙ-ші конгресі өтеді

2023 жылғы 28-29 қыркүйекте «Астана медицина университеті» КеАҚ-мен «Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамы» РҚБ («КБМХҚ» РҚБ – Халықаралық семіздік және метаболикалық бұзылулар хирургиясы федерациясының мүшесі – IFSO) бірлесіп, «Халықаралық қатысумен Қазақстандық бариатриялық және метаболикалық хирургтар қоғамының (KaSBariMeT-2023) ΙΙ-ші конгресін» өткізеді.
Конгрестің негізгі тақырыбы: «Хирург және эндокринолог тәжірибесіндегі 2 типті қант диабетінің лапароскопиялық метаболикалық хирургиясы». Конгресс жұмысына «Қазақстанның эндокринолог – дәрігерлерінің қауымдастығы» РҚБ («ҚЭДҚ» РҚБ - халықаралық қант диабеті федерациясының мүшесі - IDF), «Қазақстандық хирургтар қоғамы» РҚБ, «Қазақстандық эндоскопиялық хирургтар қауымдастығы» ЖК ж/е ЗТ бірлестігі қатысады.
Келесі тақырыптар бойынша секциялар жұмысы жоспарлануда:
- бариатриялық/метаболикалық хирургиядағы (БМХ) эндокринологтың рөлі мен орны;
- ішкі аурулар тәжірибесіндегі метаболикалық байланысты аурулар;
- бариатриядан кейінгі пластикалық хирургия;
- семіздік пен қант диабеті бар науқастардағы жалпы хирургия;
- БМХ-да эндоскопия және эндохирургия;
- бариатриядан кейінгі диетология және нутрициология;
Бариатриялық және метаболикалық хирургтар, жалпы хирургтар, пластикалық хирургтар, эндокринологтар, кардиологтар, пульмонологтар, гепатологтар, гастроэнтерологтар, эндоскопистер, диетологтар, нутрицологтар шақырылады.
Жабдықтар мен медициналық өнімдердің медициналық көрмесіне шақырамыз.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция материалдары бойынша ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы шығарылады.
Баяндамалардың тезистері 2023 жылғы 31 мамырға дейін https://forms.gle/sWh6R3sfJ8bQuRGJA сілтеме бойынша қабылданады.
Барлық қосымша ақпарат университет сайтында орналастырылады www.amu.kz Жаңалықтар бөлімінде.  
Барлық сұрақтар бойынша Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту орталығына хабарласуға болады (Бейбітшілік к-сі, 53-үй, 4-қабат, 407-бөлме., тел.: 577-896 (ішкі. 249),
8-775-606-52-06 Ардақ.
         

Тезистерге қойылатын талаптар:
Жарияланымға мұқият тексерілген және өңделген өз зерттеулерінің материалдары қабылданады. Тезис жүргізілген зерттеулер нәтижесінде конференцияда оқылатын толық баяндама шартымен қабылданады. Мәтіндік құжат Microsoft Word 2013 форматында, А4 форматындағы 1-2 бетте, қаріп 12, Times New Roman, бір интервал, шеттер – сол және оң жақта 2,0, жоғарғы және төменгі жағында – 1,5.
Конгресс тақырыбы бойынша баяндамалардың тезистерін рецензенттер бағалайды, конгресте жариялауға және презентацияға баяндамалардың тезистерін қабылдау туралы шешім іс-шара сайтында қолжетімді болады.

ТЕЗИСТІ ҚАЛАЙ РӘСІМДЕУГЕ БОЛАДЫ
  - Авторлардың аты-жөні (жуан сызба, тегі және аты-жөні)
- Жұмыс атауы (бас әріп, қалың сызба, тырнақшасыз)
- Ғылыми жетекшінің аты-жөні (курсив, дәрежесі, лауазымы)
- Кафедра, университет (ұйым), қала (курсив)
- Тезис мәтіні (кіріспе, өзектілік, мақсат, материалдар мен әдістер, нәтижелер мен талқылау, қорытындылар)

КОНФЕРЕНЦИЯДА АУЫЗША БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.      Презентация MS Power Point бағдарламасында жасалуы керек
(Power Point 2003-2016).
2.      Ауызша сөйлеу ұзақтығы 7 минуттан, талқылау 3 минуттан аспауы керек.
3.      Ноутбуктардың әртүрлі бағдарламалық жасақтамасына байланысты презентацияларыңызды екі кеңейтімде сақтауды сұраймыз *.ppt және *.pptx.
4.      Презентацияға қойылатын талаптар: презентация жалпы қабылданған ережелерге сәйкес жасалуы керек (ашық слайд + қара әріптер). Бірінші слайдта: ЖОО атауы, бұдан әрі практик медицина қызметкерлеріне арналған кафедраның немесе жұмыс орнының атауы, жұмыс атауы; баяндамашының толық аты-жөні; ғылыми жетекшінің аты-жөні; қала және жыл және т.б.
5.      Баяндама конференция бағдарламасына сәйкес 2023 жылғы 27 қыркүйекке дейін секция модераторларына уақтылы берілсін.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика