«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған мотивациялық дәріс

«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған мотивациялық дәріс

2023 жылғы 16 мамырда «University Medical Center» Корпоративтік қорының ғылым және білім департаментінің директоры, іскерлік басқару магистрі Алма Әлібекқызы Сыздықова «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының 1,2,3 курс білім алушыларына «Мейіргер ісі. Мамандықтың даму болашағы» тақырыбы бойынша мотивациялық дәріс өткізді.

Дәрістің мақсаты: мейіргер ісі мамандығының маңыздылығы мен тартымдылығын, мансаптың болашағын көрсету.

Алма Әлібекқызы өз сөзінде мейіргер мамандығының даму тарихын, оның келешегі туралы қызықты деректер келтірді.

Жоғары білімі бар, білікті мейіргерлермен жұмыс істеген пациенттердің жағдайы айтарлықтай жақсарғандығын көрсететін зерттеу нәтижелерін атап өтті. "Бакалавриат және жоғары деңгейде білімі бар мейіргерлердің үлесі көп ауруханаларда хирургиялық науқастар арасында өлім мен өлім ықтималдығы төмен болды"(сілтеме - Linda H. Aiken, PhD, RN Sean P. Clarke, PhD, RN Robyn B. Cheung, PhD, RN Douglas M. Sloane, PhD Jeffrey H. Silber, PhD).

Дәріскер тыңдаушылармен кейбір пайдалы сілтемелермен бөлісті: мәліметтер базасы, мейіргер ісіне арналған: «2020-2030 жылдардағы мейіргер ісінің болашағы: денсаулық сақтаудағы теңдікке қол жеткізу жолын анықтау», «Мейіргер ісіндегі 301 мансап» кітаптары және аталған материалдар мейіргерлік мансапқа қызығушылық танытқандарға қол жетімді және тақырыптар әртүрлілігін көрсетеді.

Саланың жетекші мамандарымен өткізілген осындай кездесулердің нәтижесінде, 1 курс білім алушылары арасында таңдаған мамандығын одан әрі кәсіби қызметпен үйлестіруге сенімсіздік танытқандар арасында таңдаған мамандығын өзгертпеуге шешім қабылдағандар болды. Дәрістер білім алушылардың таңдаған мамандығына деген қызығушылығын оятып, ынталандыра түседі және сенімін арттырады, сонымен қатар сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін оларды, ағылшын тілін үйренуге, үздіксіз дамуға ынталандырары сөзсіз.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика