Астана медицина университеті және Астана қаласының Білім басқармасы арасындағы келісімге сәйкес Академик Е. Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ) мамандары білім беру ұйымдарында оқушыларды тамақтандыруға арналған тағамдардың 4 апталық перспективалық мәзірін әзірледі.
ҒЗИ қызметкерлерінің халықтың әртүрлі топтарын, соның ішінде мектеп жасындағы балаларды тамақтандыруда көп жылдық тәжірибесі бар. Олар НЗМ оқушыларына, әскерилерге, зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдар санатына арналған диеталар мәзірін әзірлеу тәжірибелері бар сарапшылар: медицина ғылымдарының кандидаттары, профессорлар, доценттер, диетологтар, технологтар.
Астана қаласының жалпы білім беру ұйымдарында оқитын мектеп жасындағы балаларға арналған диеталық ас мәзірі әзірленді және оған бірінші және екінші ауысымдағы балаларға берілетін ыстық тамақ кіреді.
Балалардың тамақтану уақытын ескере отырып күннің бірінші жартысында толық құрамы көрсетілген жарма тағамдары (ботқасы) түрінде ыстық тағамдар ұсынылды. Екінші ауысымның балаларына арналған ыстық тамаққа ыстық ет немесе балық тағамдары, гарнирлер кіреді. Оның үстіне апта ішінде 2 рет еттен жасалған тағам, 2 рет тартылған тағам ұсынылды. Гарнирге жарма, көкөніс және макарон кіреді. Тағамның технологиясын жасау кезінде халықаралық ұсыныстарға сай тұз бен қанттың мөлшерін азайту ескерілді. Тағамның шығуы мен технологиялары мектеп тағамдарын сатушыларымен алдын ала талқыланды.
Балалардың диеталық мәзірінде шәй, кофе сусындары сияқты экстрактивті сусындар жоқ, олардың орнына ұсынылатын тағамдар дайындалуы қарапайым және технологиялық жағынан озық. ҒЗИ қызметкерлері алдағы уақытта асхана қызметкерлері мен оқу орындарының медицина қызметкерлерін оқытуды жоспарлап отыр.