29 наурызда экологиялық тұрақты дамудың маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру бастамасы аясында Университетте «Тұрақты даму тұжырымдамасы. Экологиялық аспект» атты арнайы оқыту өткізілді. Іс-шараға Университет оқытушылары мен білім алушылары, сондай-ақ, шетелдік студенттер де қатысты.
Оқытуды Стратегиялық дамыту орталығы мен Қоғамдық денсаулық және гигиена кафедрасы ұйымдастырды. Дәрісті ҚД және гигиена кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Р.Қ. Сүлейменова, доцент Ғ.Ұ. Оразова, оқытушы Ж.Т. Ермахан, аға оқытушы А.С. Зейнолдина, аға оқытушы Ф.Т. Амирсеитова өткізді. Оқыту үш тілде өтті.
Оқу бағдарламасы тұрақты даму тұжырымдамасының теориялық негіздерінен бастап, ғылыми көзқарастардың мәні мен эволюциясын қоса алғанда, әлемдік экономикадағы тұрақты даму принциптеріне дейінгі көптеген мәселелерді қамтыды.
Бағдарламаның бірінші блогы аясында қатысушылар тұрақты даму тұжырымдамасының экологиялық құрамдас бөлігімен және оның негізгі параметрлерімен танысты. Курстың екінші блогы тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудағы халықаралық нормалар мен қайшылықтарды зерделеуді, сондай-ақ қазақстандық контекстті ескере отырып, орнықты дамуды бағалауды қамтыды.
Оқыту алынған білімнің практикалық қолданылуына және тұрақты даму тұжырымдамасын іске асыру мәселелерін шешу жолдарын іздеуге баса назар аудара отырып, жүргізілді. Біз экологиялық мәселелерге саналы көзқарас болашағымызды жақсы жаққа өзгерте алатынына сенімдіміз. Сондықтан әрқайсымыз үшін алған білімімізді іс жүзінде қолдана отырып, қоршаған ортаны сақтауға және қоғамымыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге өз үлесімізді қоса отырып, осы бағытта жұмысты жалғастыруымыз абзал.