«Жазғы мектеп – 2024» аясында «Күнделікті өмірдегі микробиомалар: А-дан Я-ға дейін» атты қосымша оқыту курсы

«Жазғы мектеп – 2024» аясында «Күнделікті өмірдегі микробиомалар: А-дан Я-ға дейін» атты қосымша оқыту курсы

2024 жылдың 24–28 маусым аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасынlа «Жазғы мектеп – 2024» аясында «Күнделікті өмірдегі микробиомалар: А-дан Я-ға дейін» атты қосымша оқыту курсына медицина мамандығына талапкер Жамбыл Мадина қатысты.

Бір аптаға созылған жазғы мектеп бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастырылды. Медициналық микробиология тақырыптары бактериялардың морфологиясын, физиологиясын, антибиотиктерге сезімталдық қасиеттерін анықтауды қамтыды.

Білім алушы кафедрада теориялық біліммен қатар практикалық дағдылармен танысып, микроскоптан бактерияларды зерттеп өз білімін шыңдады.

Жамбыл Мадинаның келешекте Астана медицина университетіне оқуға түсуге ынтасы артып, мамандық таңдауда өзіне деген сенімділік пайда болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика