«Базалық хирургиялық дағдылар» Жазғы мектебі

«Базалық хирургиялық дағдылар» Жазғы мектебі

А.Б. Аубакиров атындағы адам анатомия кафедрасында «Топографиялық анатомиясы және оперативті хирургия» пәні бойынша 10.06.2024-14.06.2024 аралығында «Базалық хирургиялық дағдылар» тақырыбында жазғы мектеп өтті. Сабақтар Сарыарқа даңғылы 33, 2 қабат, 213а кабинет мекенжайы бойынша өткізілді.

Жазғы мектеп қатысушылары негізгі хирургиялық инструменттер және оларды қолдану, тігіс материалдарды және оларды қолдану ережелері, хирургиялық тігіс түрлері және оларды қолдану техникасы туралы білім алды.

Жазғы мектептің соңында қатысушылар хирургиялық базалық дағдыларды игерді, атап айтқанда, қатысушылар хирургиялық құралдарды атап, оларды көрсете алды, хирургиялық құралдардың тобын және мақсатын анықтады.

Жазғы мектеп кезінде қатысушылар қарапайым, теңіздік және хирургиялық түйіндерді байлау дағдыларын жаттықтырды. Қатысушылар инені ине ұстағышқа және жіпті инеге салу дағдысын нығайтты. Сондай-ақ олар келесі үздікті және үздіксіз тігістерді қолдану дағдыларын меңгерді.

Жазғы мектеп тақырыбының өзектілігі күмән тудырмайды. Тақырыптарды талдау барысында студенттер белсенді түрде қатысып, сұрақтар қойды. «Топографиялық анатомия және оперативті хирургия» пәнінің оқытушылары жазғы мектеп қатысушыларының алған білімдерін болашақта клиникалық кафедраларда қолданатындарына сенім білдіреді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика