«Тағам өнімдерінің санитариялық микробиологиясы» жазғы мектебі

«Тағам өнімдерінің санитариялық микробиологиясы» жазғы мектебі

«Тағам өнімдерінің санитариялық микробиологиясы» жазғы мектебі

2024 жылғы 24 маусым мен 28 маусым аралығында Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасымен бірлесіп, «Жазғы мектеп 2024» бағдарламасы аясында «Тағам өнімдерінің санитариялық микробиологиясы» тақырыбында қосымша білім беру курсын өткізді. «Стоматология» ББ 110 топ студенті Мамырбек Жасмин Ғалымжанқызы тағам өнімдерінің санитариялық микробиологиясы саласында жаңа білім алу мақсатында оқуға қызығушылық танытты.

Апта бойы тәжірибелі оқытушылар білім алушымен толыққанды жұмыс атқарды. Олар Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының профессорлары м.ғ.к. Байдуйсенова А.У. және м.ғ.к. Дусмагамбетова А.М., қоғамдық денсаулық және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Мусина А.А., аға оқытушылар Бекниязова Г.А., Сутимбекова Н.С. және Ерденова Г.К.

Профессорлар тамақ өнімдерінің санитариялық-микробиологиялық зерттеулерінің негіздері, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігімен байланысты микроорганизмдер, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бағалау, тағамдық инфекциялар мен улану қаупі туралы дәрістер оқыды. Сонымен қатар, Мамырбек Жасмин жазғы мектеп курсы аясында санитариялық-микробиологиялық зерттеулер жүргізу және нативті жағындыларды микроскопиялау бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. Астана қаласы әкімдігінің «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКҚК зертханалық бөлімшесінің, сондай-ақ «Астана медицина университеті» КеАҚ санитариялық-гигиеналық зертханасының жұмысымен танысты.

Жазғы мектепте оқи отырып, Мамырбек Жасмин клиникалық медицинада одан әрі оқуына және мансабына көмектесетін құнды тәжірибе мен білім алды. Тағам өнімдерінің санитариялық микробиологиясы бағдарламасы бойынша оқу оның кәсіби ой-өрісін кеңейтуге және медицина саласында табысты жұмыс істеуге қажетті практикалық дағдыларды алуға мүмкіндік берді. Алған білімі мен тәжірибесі Мамырбек Жасминнің мансабында жаңа белестерді бағындырып, қоғамға пайдасын тигізеді деп сенеміз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика