Магистратура түлектері дипломдар алды

Магистратура түлектері дипломдар алды

2024 жылдың 17 шілдесінде университетте магистратураның түлектеріне дипломдарды тапсыру рәсімі өтті.

«Медицина», «Денсаулық сақтаудағы менеджменті», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Мейірбике ісі», «Фармация» білім беру бағдарламалары бойынша 69 түлек магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, медицина ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.

Астана медицина университетінде магистратура 2009 жылдан бері жүргізілуде және осы жылдар ішінде ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша 572 магистрлер дайындалды.

Бүгінгі таңда магистратурада ғылыми-педагогикалық бағытта 8 білім беру бағдарламасы және 6 бейіндік бағытта бағдарлама, сондай-ақ EMBA және MBA бағдарламалары бойынша оқыту жүргізуліде. Магистратурада білім беру қызметтерінің ауқымы кеңейіп, денсаулық сақтау жүйесі мен медицина ғылымының өзекті салаларында жаңа білім беру бағдарламалары әзірленіп, енгізілуде.

Магистратранттар ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсенді қатысады, Scopus және Web of Science мәліметтер базасына енгізілген отандық пен халықаралық журналдарда магистранттардың мақалалары жарияланады.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының алынған нәтижелері белгілі бір нозологияларды диагностикалау мен емдеуде жаңа тәсілдерді енгізуде, медициналық білімді дамытуда, денсаулық сақтауды басқаруды жетілдіруде практикалық маңызы бар.

Ғылыми-педагогикалық бағыттағы көптеген магистрлер университет кафедраларында қалып, медициналық кадрларды даярлауға өз үлестерін қосуда.

Университет басшылығы, ғылыми жетекшілері, оқытушылары мен декандары магистратура түлектеріне дипломдар табыстап, тлектер мен қоштасу сөздерін айтты.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика