«Астана медициналық журналы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілді

«Астана медициналық журналы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынған басылымдар тізбесіне енгізілді


Астана медицина университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті Төрағасының 2024 жылдың 5 тамызындағы №673 бұйрығына сәйкес «Астана медициналық журналы» халықаралық рецензияланған ғылыми-тәжірибелік журналының Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің  Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету Комитеті ұсынатын ғылыми басылымдардың тізбесіне енгізілгенін хабарлайды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/quality/activities/directions?lang=ru

«Астана медициналық журналы» 1998 жылы құрылған көпсалалы басылым болып табылады. Журналдың негізгі мақсаттары: ғылыми және инновациялық қызметтің белсенділігін арттыру; Қазақстан Республикасы мен шет елдердің медициналық ғылым мен білім беру саласындағы ғылыми зерттеулері мен инновациялық жетістіктері туралы ақпараттандыру; ғылыми мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылау; ғылымға негізделген тәжірибені белсенді насихаттау арқылы ғылыми қауымдастықтың, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамының, практик дәрігерлердің, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының мамандары мен мемлекеттік қызметкерлердің ғылым мен практикадағы дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету.

«Астана медициналық журналының» редакциясына келіп түскен барлық мақалалар екі жақты «жасырын» рецензиялаудан («double-blind» Peer Review Policy) өтеді.

Журнал редакторлары ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін жариялағысы келетін авторларды және рецензенттерді тұрақты ынтымақтастыққа шақырады.

Журнал туралы толық ақпаратпен https://medical-journal.kz/  сайтында таныса аласыздар.



 

 


Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика