2024 жылғы 9-16 қыркүйек аралығында Хиросаки университетінің (Жапония) ғалымдары профессор Yasutaka Omori және профессор Masahiro Hosoda «Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтына (бұдан әрі – Институт) ғылыми сапармен келді

2024 жылғы 9-16 қыркүйек аралығында Хиросаки университетінің (Жапония) ғалымдары профессор Yasutaka Omori және профессор Masahiro Hosoda «Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтына (бұдан әрі – Институт) ғылыми сапармен келді

Институтта күнтізбелік жоспарлар мен жүргізіліп жатқан зерттеулердің ауқымы «Радон әсерінен болатын өкпе ісігінің қаупі: Қазақстандағы радон мөлшері жоғары аймақтардағы халықтың жағдайын қайта бағалау» бірлескен ғылыми бағдарламасы аясында талқыланды, тапсырыс беруші Бірлескен халықаралық зерттеулерді алға жылжыту қоры – KAKENHI. Сондай-ақ, Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) ұйымдастыруымен «Science and Technology Research Partnership for Sustainable Development» (SATREPS) халықаралық бағдарламасы аясында болатын болашақ ғылыми жобаның перспективалары мен міндеттері, еліміздің уран өндіретін солтүстік өңірлеріндегі елді мекендерді одан әрі эпидемиологиялық және радиоэкологиялық зерттеу мәселелері туралы да сөз болды. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі радиациялық қауіпсіздіктің тиімділігін арттыруға және радиациялық қауіпті кәсіпорындардың маңында тұратын халықты радиациядан қорғауды қамтамасыз ету әдістерін жетілдіруге мүмкіндік беретін тәжірибе және технологиялар алмасу болып табылады.

Жүргізіліп жатқан ғылыми жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес Хиросаки университеті мен Институт ғалымдарының Степногорск қаласына және Ақмола облысының Ақсу, Заводской және Кварцитка елді мекендеріне іссапары ұйымдастырылып, радиациялық жағдайды зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Хиросаки университеті мен «АсМУ» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институты арасындағы ынтымақтастық ғылым мен тәжірибенің дамуына елеулі үлес қосады, сондай-ақ екі ел арасындағы ғылыми байланысты нығайтады деп күтілуде.

Бұл ынтымақтастық жаһандық ғылыми мәселелерді шешуде халықаралық серіктестіктің маңыздылығын атап көрсетеді және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірлескен ілгерілеудің жаңа перспективаларын ашады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика